«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қолданбасы жасалды

Banner dlya sayta kaz Жаңалықтар

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қолданбасы арқылы отаныңды әлемге жақындата біл!

Баннер для сайта - каз

Құрметті достар!

Назарларыңызға «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қолданбасын ұсынамыз. Қолданба география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D-нысандар, панорамалар, инфографикалар, интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған.

Қолданба Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер және бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қолданбаны AppStore, Play Market, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

Қазақстанды әлемге паш етейік!

Қолданбаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://mfa.gov.kz/kz/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз