Атырауда батпаққа батқан бүлдіршіндер құтқарылды

img 20220603 wa0062 Жаңалықтар

Жылыойлық қырағы полицей мал бағуға шығып шалшыққа батқан жасөспірімдерді аман алып қалды.

Оқиға 2 маусым күні сағат 17:00 шамасында орын алған. Шоқпартоғай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрғиса Жамалбеков күндізгі тәртіпті қадағалау кезінде ауылдан екі шақырым жерде орналасқан «2-көпір» маңындағы ​ Жем өзені бойында жас шамасы 10-11 дегі жасөспірімнің аяғы шалшыққа батып, қозғала алмай тұрғанын байқайды. ​ Қырағы полицей сол сәтте-ақ көмек беруге жүгіреді. Белгілі болғандай, 11 жастағы жасөспірім атасына көмектесу үшін төрт-түлікті өзен бойына суарамындеп, кенет аяғы саз балшыққа батып , өз бетімен қозғала алмай қалған. Оқиға орынында болған сыныптасы да көмектеспек болғанымен еш нәтиже бермегенін айтты. Мән-жай анықталған соң ​ тәртіп сақшысы алғашқы​ көмек көрсетіп, дереу үйіне апарып, туыстарына табыстады.

  • – Балаларды көре салысымен қызмет көлігіммен ​ жеделдетіп жағаға​ қойып, өзенге қарай жүгірдім. ​ Күн аптап ыстық, жасөспірім бала әбден әлсіреген. Мен ​ жеткенше аяғының сіңірі тартып, дөңбекшіп қалған екен.​ Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді. Жасөспірім балаларды ата-ананың қарауынсыз жіберу, белгіленбеген зерттелмеген жерге суға түсу оқиғалары жаз маусымы бастағалы жиі кездесетіні жасырын емес.Тұрғындарға қанша рет ескертіп профилактикалық жұмыстар жүргізгенімізбен, ата-аналардың назарына балаларды қараусыз ешқайда жібермеуін және суға түсу қауіпсіздігін жиі айтып, ескертіп отырса екен деймін-деді,учаскелік полиция инспекторы Нұрғиса Жамалбеков.

​Айта кетейік, Нұрғиса Жамалбеков-Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры. Бұл лауазымда ол 10 жылдан аса уақыт жұмыс істейді.

  • – Нұрғиса Жамалбеков осыдан бір жыл бұрын демалыс уақытында болғанына қарамастан, егде жастағы ақсақалдың үйіне ұрлыққа түсіп 200 мың теңге материалдық залал келтірген қарақшыны тауып, құрықтаған еді. Мұндай инспекторымыз болған кезде біз өз қауіпсіздігіміз туралы алаңдамаймыз. Халықпен жақсы қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік қызметші еліміздің дамуына септігін тигізеді – деп тілек білдірді Шоқпатоғай ауданының тұрғындары.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз