Президенттер телефон арқылы тілдесті

220302173726938e Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Ресей Президенті Владимир Путинмен болған әңгіме жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатынбыз. Мемлекеттер басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз