Ойылдың обалы кімде?

prararaprara Жаңалықтар

Ойыл мен Қиыл өзендеріне қатысты келеңсіз жағдайлар белгілі болып жатыр.

Ақтөбе облысындағы «Арман М» шаруа қожалығы Ойыл өзеніне құятын терең сайды бөгеп, заңсыз плотина-да 1 млн. текше метрдей су ұстап отыр екен. Өзеннің бастауы Қызылбұлақтан 2 шақырым төменде қоныс тепкен «Тәйтәй Қаракесек» шаруа қожалығы да арнаны бөгеп, көлік кіргізбеу үшін 3 метрлік шлаг-баум қойған. Ал, Ойылға құятын Кенжалы өзенінің сағасындағы шаруагерлер қыс мезгілінде Ойыл арнасын ықтасын еткен. Яғни, қамыс-қоғасына малын шөптеп, оның қиымен арнаны биіктетіп қойған. Соның зардабынан Кенжалы өзенінің ар-насы суға толып, ылдиға қарай аға ал-май тұр. Демек, Ойылға келіп құятын бір өзеннің пайдасы жоқ деп есептеуге болады.

Шығырлықұмды өзенінің сағасына жақын жерде де заңсыз бөгет салынған. «Жүре берсең, көре бересің» демекші, Ойыл мен Қиыл бойына Қызылқоға ауданының әкімшілігі ұйымдастырған экспедиция мүшелері Ойыл ауданындағы Ақшатау бөктерінде өзеннен 1-1,5 шақырым қашықтықта Ойылға құятын үлкен жыра-сайдың 650-700 метрдей заңсыз бөгелгенін көріп қайтты. Бұл бөгет көктемгі Ақшатауда жалдан ағатын қар суының Ойылға келіп қосылуына кедергі келтіреді. Ойыл өзені бойында заңды Ералы және Тамдыкөл су торабы ғана бар. Қолдан жасалған өзге шектеулер заңсыз болып саналады.

Ойыл өзеніне су келмей, құрғай бастағаннан бері бір топ табиғат жанашыры дабыл қағып жүр. Оларды туған жерінің нағыз төл перзенттері, шын жанашырлары деуге болады. Жуырда О й ы л д ы жағалай орналасқан ауылдардан түлеп ұшқан зия-лы қауым мен кәсіби су мамандары тағы да бас қосты. Бұл жиын бұрынғы жиыннан өзгерек болып, су келмеген жағдайда жергілікті жердің флорасы мен фаунасына, адами факторға әсері қандай, қалай алдын аламыз деген сұрақтар талқыланды.

Бастауынан басталғанбөгеттер

Деректерге сүйенсек, Қызылқоға ауданының Ойыл бойын 16 628 тұрғын мекендейді. Олардың ауыз суы, 63 002 қойы, 23 817 ешкісі, 9 353 жылқысы, 1 232 түйесі, 881 тауық-қазы және жа-байы аң-құсының жағдайы осы Ойылға келетін өр суына қарап отыр. Егер алдағы жылы да су келмесе, экологиялық жағдай күрделеніп, Тайсойған, Мұздыбұлақ, Қарасу жерасты су қоры да азая түспек. Өзеннің тағдырына алаңдап, осымен екінші рет республикалық конференцияның өтуіне ұйытқы болған Нұрлан Есенғазы да, бастамашы топтың басшысы Есенбай Нұров та осы өзен бой-ын жағалап өскен азаматтар. Ойыл мен Қиыл бойына Қызылқоға ауданының әкімшілігі ұйымдастырған екі экспе-дицияны да көзімен көріп, көлеңкелі тұсын көкейіне түйіп қайтқан Миялы селосының тұрғыны Есенбай Сәмекұлы көптеген кедергінің барын ашып айтты.

– Ойыл өзені арнасындағы және оған құятын өзендер мен жыраларды адам факторымен заңсыз бөгеп алған жайт-тарды кездестірдім. Атап айтсам, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Талдыкөл ауылдық округіне қарасты «Арман М» шаруа қожалығы Ойыл өзеніне құятын терең сайды бөгеп, заңсыз бөгетте 1 млн. текше метрдей су ұстап отыр. Осы округте өзеннің бастауы Қызылбұлақтан 2 шақырым төменде қоныс тепкен «Тәйтәй Қаракесек» шаруа қожалығы да арна-ны бөгеп, көлік кіргізбеу үшін 3 метрлік шлагбаум қойған. Экспедиция мүшелері «Жайық-Каспий» бассейні инспекциясы басшысы Ғалидолла Әзидуллин бастап, жаяулатып кіруге тура келді, – деді ол.

Кенжалының суынанкенде қалып отырмыз

Келеңсіз жайттар, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылдық округінде де белең алыпты. Ойыл өзеніне құятын Кенжалы өзенінің сағасында, өзеннен 500 метр жер-де орналасқан шаруа қожалығы қыс мезгілінде Ойыл арнасын ықтасын еткен. Яғни, қамыс-қоғасына малын шөптеп, малдың қиымен арнаны биіктетіп қойған. Соның зардабынан Кенжалы өзенінің арнасы суға толып, ылдиға қарай аға алмай тұр. Демек, Ойылға келіп құятын бір өзеннің пайдасы жоқ деп есептеуге болады.

Сондай-ақ, осы ауданның Алға ауылдық округіндегі Шығырлықұмды өзенінің сағасына жақын жерде де заңсыз бөгет бар екен.«Жүре берсең, көре бересің» демекші, экспедиция мүшелері Ойыл ау-даны, Көптоғай ауылдық округі Ақшатау бөктерінде өзеннен 1-1,5 шақырым қашықтықта Ойылға құятын үлкен жыра-сайдың 650-700 метрдей заңсыз бөгелгенін көріп қайтты. Бұл бөгет көктемгі Ақшатауда жалдан ағатын қар суының Ойыл өзеніне келіп қосылуына кедергі келтіреді. Осы уақытқа дейін айтқанымыздай, Ойыл өзені бойында заңды Ералы және Тамдыкөл су торабы ғана бар. Қолдан жасалған өзге шектеу-лер заңсыз болып есептеледі.

Қиылдың қиын жағдайы

Ойылдан кейін Қиыл өзеніне шыққан экспедиция Ойыл ауданы, Саралжын ауылдық округіне тоқтайды. «Су көздерін қайтсек ашамыз?» деп жүрген топты төмендегі тосын жаңалық таңырқатып қоймай, жергілікті басшылардың түсініксіз әрекетін айқындап берді. «Жаны ашымағанның қасында, басың ауырмасын» деген осы болса керек. Аталған округ әкімі Абат Мүбәрәковтың айтуынша, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ауданға келіп, бұрынғы істен шыққан, КСРО кезінде салынған бөгеттерді қайта қарап, Қиылға құятын Батпақты өзені тұсында өр суын тіреп, шабындыққа су шығаратын бөгеттерді жөндеуге, арна бойына шлюздер салуға бюджеттен 48 млн. теңге бөлгелі отыр екен.

Бастамашы топ Ойыл өзенінің төменгі сағасы Қызылқоға ауданы жайылмаға өр суын шығармақ түгілі, арнасы кеуіп, экологиялық апаттық жағдайда отырғанда көрші облыс басшылығындағы азаматтардың бұл тапсырмасын қалай түсінерін білмей дал болды. Лауазымды тұлғаның Қиыл мен Батпақты өзендеріне бюджет есебінен заңдастырып, қаулы шығарып, бөгет салуы – Саралжын ауылдық округінің мал-мүлкін қорғау да, төменгі сағада отырған Қызылқоға ауданындағы дүйім жұртты қорлау ма? Әрине, бұрынғы объектілерді қайтадан қалпына келтіріп жатырмыз деп уәж айтатыны да айдан анық. Бұл олқылықтың ҚР Су кодексінің 17-бабына қайшы екенін, жергілікті шенеуніктердің назарға алмауы қалай? Заңды белден басу ма, әлде…

Енді не істейміз?

Кәсіби су мамандарының айтуынша, Атырау облысының аумағында 100-ден астам иесіз скважиналардан су атқылап жатыр.

– Бұл өз кезегінде Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз өзендерінің бастауындағы бұлақтар суының қысымын төмендетеді. Осы иесіз әрі пайдасыз скважиналарды бітеуді тез арада қолға алу керек. Ол үшін Атырау, Ақтөбе облыстарындағы барлық артезиан скважиналардың саны, орналасқан жері, тәулігіне бере алатын су көлемі нақтылануы керек. Бұл жұмыстарды республикалық Су ресурстары комитеті кешенді түрде жүргізіп, кесімді жауабын айтуы керек, – деді Есенбай Нұров.

Сондай-ақ, Ойыл жанашырлары биыл пандемияға орай өткізілмеген түрлі мерекелік шараларға бөлінген қаржылардың, осындай халыққа ауадай қажет істерге қайта қаралып, бөлінуін сұрайды. «Атап айтқанда, Ойыл өзені және Қызылқоға ауданындағы жерасты су көздеріне кешенді геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіп, әр жергілікті ауылдық округтерге өз территориясындағы өзендердің ар-насын қамыс, құрақтан тазартуға, бұлақ көздерін ашуға пәрмен берілсе. Әсіресе, бүгінгі таңда Ойыл, Қиыл, Кенжалы, Жарлы, Қарағанды, Батпақты өзендерінің арнасын тазалау кезек күттірмейтін іс» дейді олар.

Хат жолдауменіс біте ме?

Миялы селосының тұрғыны Есенбай Нұров екі экспедициядан көрген, түйгендерін баяндап, ұсыныстарымен қоса Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиевке хат жазады. Көп күттірмей жауап та келді. Мұнда «Су саласының ғалым-мамандарын тарту арқылы Ойыл өзенін толықтыратын су көздерін анықтап, олардың беретін су және ылғал көлемін шығару, өзен бастауындағы бұлақ көздерін зерттеу, Ойыл өзеніне құяр сағаларды қамыс-қоғалардан тазарту, сондай-ақ, «Мұқа» су сақтау қоймасы мен «Тәй-тәй Қаракесек» шаруа қожалығындағы ахуалдың мән-жайын анықтап, тиісті шараларды қолдану туралы ұсыныстардың» облыстық деңгейдегі басшыларға жолданғандығы туралы ақпарат алдық. Сонымен бірге, өткен мақалаларымызда айтылғандай, жерасты су көздерін анықтау турасында да Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.Нәутиевке ресми хат жіберілген.

Жоғалған өзеннің жыры енді басталғандай. Қазақта мол, көп дүниені «судай» деп бейнелеп жатады. Таусылмайтындай, шексіз көретініміз тағы бар. Ал, қазір су жоқ, есесіне, оның проблемасы судан да терең болып тұр. Мәселе – екі ай дегенде әупіремдеп, онда да көптің қолдауымен облысқа жетті. Мұнда көрсетілген мәселелер шешімін таба ма? Жұртшылықты осы жағдайлар толғандырады.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз