Коронавирустан көз жұмғандарды жерлеуге арнайы орын белгіленді

img 20200618 wa0015 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 26 маусым, 2020 жыл. Коронавирус (Covid-19) инфекциясы салдарынын көз жұмған тұрғындарды жерлеу үшін Атырау қаласы, Жұмыскер шағынауданындағы «Мұқаш» бейітінің далалық жағына қараған тұсынан мұсылман және христиан бейіті ретінде арнайы орын бөлінді.

Санитарлық алгоритм нормаларына сай, марқұмның мүрдесі туыстарына берілмейді және белгіленген аумақта жерленетін болады.

Десе де, жерлеу рəсіміне марқұмның ет жақын туыстары санитарлық талаптарды сақтау арқылы қатыса алады.

Жерлеу рəсімі кезінде марқұмның діни ұстанымы және салт-дәстүрлері ескерілетінін, сондай-ақ, бөлінген жер қоршаумен екіге бөлініп, алдағы уақытта мұсылман және христиан бейіті болып екі бөлек қорым ретінде қалатынын қаперге береміз.

Аталған шешімге жергілікті дін қызметкерлерінің де пəтуалары алынды. Сондықтан, барлық жерлеу рәсімдері марқұмның ұлтына, діни нанымына сәйкес орындалатынын ескертеміз.

Сонымен қатар, марқұм жерленгеннен кейін арада 15-20 күн өткен соң бейіт тұрғызуға немесе зираттың басына баруға болатынын да атап өткіміз келеді.

Елімізде орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды ескере отырып, қабылданған шараларға түсіністікпен қарайтыныңызға сенеміз.

«Атырау облысы Дiн iстерi басқармасы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз