Атыраулық палуан самбодан әлем кубогінің иегері атанды

210328192107061e Жаңалықтар

Атыраулық палуан Айбек Абдилов самбодан әлем кубогінің иегері атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 25-26 наурызда Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеуде самбо күресінен Харлампиев атындағы әлем кубогі өткен.

«Харлампиев атындағы әлем кубогі 1980 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл оған 16 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Дүбірлі додада атыраулық спортшы Айбек Абдилов 64 келі салмақта бақ сынады. Ол іріктеу кезеңінде ресейлік спортшыдан басым түсті. Жартылай финалда қырғыз палуанынан айласын асырды. Ал, ақтық сында өзбек спортшысын ұтып, Харлампиев атындағы әлем кубогінің иегері атанды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

«Қазақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз