Президент Тоқаев қиын жағдайда қалған Арыс тұрғындарымен кездесіп, басу айтты (+ ВИДЕО, ФОТО)
Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арыстықтармен кездесті.
«Бұл төтенше жағдай, катастрофа. Қайтеміз енді, кейбір кезде солай болады. Үкімет көмектеседі. Қаражат бөледі. Қаланы қалпына келтіреміз. Алаңдамаңыз, бәрі жақсы болады» деді Президент арыстықтар орналасқан лагерьдегі кездесу кезінде.
Мемлекеттің қиын жағдайда халықты далада қалдырмайтынын айтқан ел басшысына арыстықтар алғыс жаудырып жатыр.
Еске сала кетелік, бүгін таңда Арыс қаласында әскери снарядтар жарыла бастады. Қазіргі уақытта қалада төтенше жағдай жарияланды. Оқиға орнынан тұрғындар толықтай Шымкент қаласына эвакуацияланды. Еліміздің Ішкі істер министрлігі төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қауіпті аймақта арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.
Міне нағыз жанашыр президент өз көзимен көріп барып шешім қабылдайтын.Алдағы уақытта тек қатер болған жерге емес барлық өңірлерді араласаңыз көптеген мəселердің шешімі тез шешілер еді.Ұсынысыным аяқ асты келсеніз жоспарламай қай өңір екен көп мәселелер дұрыс тез шешімін табылады деп ойлаймын.Жергілікті басшыларға лкен көмек болар еді.
Керемет! Аллаға шукир осындай президентимиз болғанына! Алла Арыстык агайындарымызга сабырлык берип, баспаналы болуларын насип етсин! Аман болсын!
Аллаға шукир осындай президентимиз болғанына! Алла Арыстык агайындарымызга сабырлык берип, баспаналы болуларын насип етсин! Аман болсын!