Президент Қазақстанда оқытушыларға қысым жасауды тоқтатуды талап етті

1595c01e ca2c 4187 bc0f 9cd3750632b55 Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы мұғалімдерге қысым көрсетуді тоқтатуды талап етті.

«Сонымен қатар салалық министрлік біліктілік талаптарын жиі өзгерту арқылы оқытушыларға қысым жасауды тоқтатуы керек екенін айтқым келеді. Ойына не келсе, соны істейтін шенеуніктердің жүгенсіздігіне тосқауыл қою қажет. Мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы.

Педагог кадрлардың 60 пайызға жуығы өңірлік жоғары оқу орындарында даярланады. Сондықтан өңірлер деңгейінде жас мұғалімдерді қолдаудың маңызы зор. Әкімдер педагогтерді даярлау және жұмысқа орналастыру үшін қолайлы жағдай жасауы керек», – деді Президент.

akorda.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз