rvapv

Атырауда – қатты ыстық: сақтану жолдары қандай?

Жаңалықтар Экология

Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл. Бүгін Атырауда дабылды ескерту: термометр көрсеткіші 40-42 градустан жоғары көтерілді.

Атырау облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын ыстықтық зардаптарынан сақ болу үшін келесі ережелерді сақтауға шақырады:

-далаға ыстық уақытта шықпаңыздар;

– ашық ауа өткізетін киім мен (мақтадан) бас киімді киіңіз;

– күйіп қалған тері қабаты терді шығармайды және салқындамайтындығын есте сақтаңыз;

            – далада асықпай жүріңіз, көбінесе көлеңкеде болыңыз;

            – су ішу режимін сақтап, су жетпейтіндіктен қорғану үшін суды көп ішу керек, күніне 1,5-3 литр сұйықтық;

            –  алкогольді немесе газдалған тәтті сусындарды ішпеңіздер, олар организмдегі процесстерді төмендетеді;

            – үйде салқын температураны сақтаңыз. Күндіз терезелерді ашық перделермен немесе фольгамен жауып, ал түнде терезелерді ашып қойыңыз;

            – жеңіл тамақтарды жеу керек: көкеністерді, жемістерді, пісірілген балық пен тауық етін, сорпаларды. Майлы, қуырылған және тәтті тағамдарды рационнан алып тастау керек;

            –  ыстықта денеге ауыртпалық түсірмей, дене белсенділігін алып тастау керек;

            – кондиционерді ғимарат ішінде +22+23 градус температурадан төмен қоюға болмайды;

            –  назарды ең алдымен кішкентай балаларға көп бөлу керек. Бала организмі ауа температурасының жоғары көтерілуіне өте сезімтал болып келеді;

            – балалар мен жануарларды тұрақтағы автокөлікке қалдырмаңыздар;

            –  егерде ыстыққа көп жүріп, күн тисе, онда организмді салқындату іс-шараларын жүргізу керек. Ал көмектеспеспеген жағдайда дәрігерге барыңыз.

            Жоғарыда айтылған ыстық кезеңіндегі ережелер қиын емес. Оларды сақтап, өз деңсаулығыңызды және балалардың деңсаулықтарын сақтауға болады! 

Атырау облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникация  тобы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған