Жарнама
Жаңалықтар

Президент «Мен қазақпын» патриоттық әнін орындайтын челленджді қолдады (+ВИДЕО)

Atr.kz/15 желтоқсан, 2019 жыл. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен қазақпын» патриоттық әнін орындайтын челленджді қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Өте жақсы бастама! Қолдаймын! Бұл ән халықтың рухын көтеріп, патриотизмді арттыру үшін кең ауқымда дәріптелсе орынды болар еді. Осындай дүниелер елді бірлікке шақырады», — деп жазады Мемлекет басшысы twitter парақшасында.
Еске салсақ, Павлодар қаласының орта мектептері арасында еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж бастағаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Әлеуметтік желіде жарияланғанына тәулік болмаса да бұл видеоны 10 мыңнан астам адам тамашалап, оның 400-ден астамы лүпіл басқан. Бөліскен адамдардың қатары 600-ге жуықтайды.
Айта кетсек, Қуандық Рақымның «Мен қазақпын» әнін 2018 жылдың 7 мамырында Қарулы күштердің 3 мың сарбазы жауынгерлік парад кезінде шырқаған еді шыққан еді. Бұл туындының сөзін ақын Нұржан Өмірбай, ал әнін Жарасхан Төлебай есімді жас композитор жазған. Ән авторы Жарасқан Төлебайдың айтуынша, «Мен қазақпын» әні кейінгі буын өкілдерінің шетел музыкасына еліктеуі өршіп бара жатқан уақытта, елдің рухын оятатын қазақ әні жат елдің даңғазасына тойтарыс болсын деген мақсатта туындаған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button