Индерде 7 тұрғын үй салынуда: Алғашқы 80 адам баспаналы болды

whatsapp image 2021 08 09 at 14.30.39 1 Жаңалықтар

«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов Индер кенті тұрғындарына 80 пәтерлік бес қабатты тұрғын үйдің кілтін ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында табыс етті»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Көктем» мөлтек ауданының 11 участігінен салынған 80 пәтерлік бес қабатты үйден баспаналы болған аудан тұрғындары ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, жалғызбасты аналар сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар секілді әлеуметтік әлжуаз топтағы азаматтар.

Пәтер кілтін алғандардың бірі, көп балалы ана Лариса Қайрошева үй кезегінде алты жылдан бері тұрған.

«Біз бір үйде үш келін бірге тұрып келгенбіз. Әрқайсымыздың бала-шағамыз бар, үй тарлық етіп келген еді. Міне, көптен күткен қуанышымызға қол жеткізіп тұрмыз. Облыс әкіміне, осы үй салуға еңбегі сіңген өзге де азаматтарға алғысымды айтамын. Халықты қуантып жатқан игі істер жалғасын таба берсін!»,-деді ол.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Индер ауданында Нұрлы жер бағдарламасымен көпқабатты 7 тұрғын үй салынуда екенін, бұл 432 отбасыға баспана болатынын айтты. Солардың алғашқы 80 пәтері тапсырылды.

«Индер ауданы бүгінгі таңда жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Бүгінгі шара соның бір айғағы. Бұл Сіздер үш ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында ерекше тарту болмақ. Одан бөлек жыл соңына дейін тағы 4 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Сол арқылы 192 отбасы қоныс тойын тойлайды»,-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы алдағы жылдары Көктем мөлтек ауданының 11 участігі жаңа серпінмен дамыту жоспарланып отырғанын атап өтті. Өңір басшысы мұнда болашақта көпқабатты үйлермен қатар әлеуметтік нысандар салу қарастырылыпты. Атап айтқанда 900 орындық мектеп, 250 орындық балабақша. 100 орындық емхана мен 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынбақ.

«Индер ауданын көркейту жұмыстары жалғасын табады. Жалпы Президентіміздің тапсырмасы бойынша көптеген игілікті іс жүзеге асырылуда. Әрбір мемлекеттік бағдарлама тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруіне бағытталған. Олардың түпкі мақсаты азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру»,-деді М.Досмұхамбетов.

Аталған шарадан соң облыс әкімі аудандағы маңызды нысандарды аралап, ауданның бірнеше қоғам белсенділерімен кездесті.

whatsapp image 2021 08 09 at 14.30.40 3
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз