
Жаңалықтар
Президент алматылықтармен Көктөбеде жүздесті
Мемлекет басшысы Көктөбеде серуендеп жүрген қала тұрғындарымен және қонақтарымен жүздесті. Бұл туралы БОРТ №1 telegram парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды kazinform.kz.
-Антониу Гутерришпен жүргізілген келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Алматының көрнекі жерлерінің бірі саналатын Көктөбеде серуендеп жүрген қала тұрғындарымен және қонақтарымен жүздесті, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізген еді.