Атыраулықтар суға батқан қызды құтқарамын деп қаза тапқан полиция қызметкерін құрметпен еске алды

IMG 20190322 WA0084 Жаңалықтар

  Atr.kz/22 наурыз, 2019 жыл. Атыраудың жүзден астам тұрғыны полиция сержанты Шалқар Ақымбековтің әйелді құтқарамын деп өзі суға батып кеткен орнына гүл шоқтарын қоюға жиналды, – деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG 20190322 WA0078

Бүгін, 22 наурызда, сағат 10.00-де болған оқиғаға бей-жай қарамаған тұрғындар Жайық жағасына жиналды. Полиция сержантының әріптестері, достары, туыстары мен жақындары және жергілікті тұрғындар оқиға орнына гүл шоқтарын қойды. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, полиция департаментінің басшылығы жиналғандарға көңіл айтты. Полиция департаментінің жеке құрамы мен аймақ басшылығы қайтыс болған азаматтың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажет көмек көрсететін болады.

IMG 20190322 WA0080
IMG 20190322 WA0079

Еске салсақ, 21 наурыз күні сағат 21.52 шамасында патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев суға батып бара жатқан әйелді құтқармақ болып, өзенге түскен. Алайда, қатты ағын салдарынан полиция қызметкерінің өзі суға кетіп қалды. Көпірден секірген қызды оның әріптесі Рүстембек Сүндетов алып шықты. Шалқар Ақымғалиевтің денесі оқиға орнындағы ағыстың төменгі бөлігінен табылып, жағалауға шығарылды. 

Ақымғалиев Шалқар Көшкібайұлы көп балалы отбасында тәрбиеленген. Үйленбеген, 1 сәуірде 25 жасқа толатын еді. Отанға 5 жыл адал қызмет еткен Шалқардың еңбек жолын өз өмірін құрбан ете отырып, суға кеткен қызды құтқарып қалған батыл әрекеті үзді.

IMG 20190322 WA0081

Бүгін, 22 наурызда Наурыз мейрамы басталмастан бұрын Атырау облысының тұрғындары полиция қызметкерін бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.

IMG 20190322 WA0082
IMG 20190322 WA0083
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз