Полицияға бағынбаған атыраулық жүргізуші қашып кетті
“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ кезінде заңға бағынбаған көлік иесіне айыппұл салынып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.
Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерінің Республика көлемінде өткізіп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде, Сәтпаев-Пушкин көше қиылысында “Ваз 2115” маркалы автокөлігін тоқтатқан уақытта автокөліктің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Осыған байланысты, аталған автокөлік бағыттамаға қойылған. 8 ақпан күні Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері бағыттамада тұрған “Ваз 2115” автокөлігін Сәтпаев-Ерниязов көше қиылысынан байқап, сол аумаққа Батыс қызметкерлерін бағыттаған.
Тәртіп сақшылары аталған автокөлікті Тайманов-Гагарин көше қиылысынан тоқтатып, тексеру кезінде оның жүргізушісінің 1999 ж.т. қала тұрғыны екендігі белгілі болды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабының 1 бөлігімен (Ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау), 595 бабының 1 бөлімімен (Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау), 599 бабының 1 бөлімімен (Бағдаршамның тиым салынған түсіне өту), 600 бабының 1 бөлімімен (Реттелмеген жаяу жнргінші өткелінен жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін) және 606 бабының 1 бөлімімен (Жол қатысушыларына апаттық жағдай туғызғаны үшін) әкімшілік хаттамалар жасақталып, барлығы 61 260 теңге көлемінде айыппұл салынып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.