Атырауда жекеменшік балабақшадан шыққан өрттің себебі анықталды

img 20210212 wa0074 Жаңалықтар

Бүгін Атырау қаласындағы «Нұрсая» ықшамауданында орналасқан «Зейнеп – Әмина» балабақшасынан өрт шықты» деп хабарлайды Atr.kz

Өрт туралы хабарлама сағат 15:46-да түскен. Шақырту орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде, балабақшаның төбе жабындысы толық жанып жатқан.

Абырой болғанда, ғимарат ішіндегі 13 бүлдіршінді тәрбиешілер далаға шығарып үлгерген.


«Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 25 жеке құрам жұмылдырылды, 3 оқпан жұмыс жасады. Өрт сағат 16:15 минутта оқшауланып, 16:23 минутта толықтай жойылды. Өрт салдарынан балабақшаның төбе жабындысы (144 ш.м) толықтай жанып кетті. Жедел әрекет нәтижесінде, аталған балабақшадан шыққан өрттің қос қабатты үйге таралуына жол берілмеді» делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын-ала болжам бойынша, өрт токтың қысқаша тұйықталуы салдарынан орын алған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз