Пікірсайысшылар белсенділік танытты

asdfghnm. Жаңалықтар

Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінде Атырау облысының студенттері арасында пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге 24 топтың қатысуға рұқсаты болғанымен, бәсеке барысында 20 команда қатысты. Әсіресе, оқу орындарындағы тәжірибелі пікірсайыс клубтарының студенттері ерекше белсенділік танытты.

Британдық парламенттік формат негізінде өткен турнир үш кезеңнен тұрды. Тартысты өткен пікірсайыс турнирінің қорытындысында «Дарын» мектебінің командасы I орын, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің командасы II орын, С.Мұқашева атындағы Атырау техникалық жоғары колледжінің командасы III орын, APEC жоғары колледжінің командасы IV орынға табан тіреді.

sdfghj

Турнирдің үздік спикері болып С.Мұқашева атындағы Атырау техникалық жоғары колледжі командасының мүшесі Айбек Смағұлов танылды.

Университет баспасөз қызметінің өкілі Еркежан Әміржанның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі елімізде пікірсайыс қозғалысын дамыту тұжырымдамасын және оқушылар мен студенттер арасында пікірсайыс турнирлерін өткізу қағидаларын әзірлеген. Сонымен қатар, пікірсайыс клубтары да ашылып, жарыссөз жаттықтырушыларын дайындау жұмыстары ыждағатты түрде жүргізіліп жатқандығын айтады.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз