EAC8017

Болмасаң да ұқсап бақ…

Жаңалықтар

Адам баласын мәдениетке жеткізудің үш-ақ жолы бар. Ол бір-бірімізге күліп қарау, кешірім сұрау және алғыс айту. Осы үш әрекет өзара жанасқанда ғана біз бір саты жоғарылаймыз. Сондай-ақ, әр азамат өзінің білімі мен дағдысын шыңдай отырып, мемлекеттің де дамуына үлес қосуы маңызды. Бұл туралы Гарвард университетінің түлегі Шыңғыс Мұқан Құрманғазы мәдениет сарайында өткен Атырау «Білім-Инновация» лицейінің оқушыларымен кездесуінде айтты.  

_EAC8017

Кездесу Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған білім ордасы қолға алған «Ұқсап бақ» танымдық лекция жобасы негізінде ұйымдастырылды. Жобаның алғашқы қонағы Шыңғыс Жұмабекұлы шетелде алған білім, тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік басқарудағы кеңестерін де ортаға салды.

– Бүгінде әлемде мемлекеттік басқаруда үлкен үдерістер жүруде. Ақпараттық технология дамыған сайын мемлекеттік басқару мен шешім қабылдау жылдамдықты, нақтылықты және дәлдікті қажет етеді. Ақпараттарды сараптау, дайын шешім шығару, алдағы уақытта жасанды зерде де мемлекеттік басқаруға араласуы мүмкін. Сондықтан, әлемдегі ақпараттық технологиялардың дамуы үлкен өзгерістер алып келеді, – деген Шыңғыс Мұқан алдағы уақыттағы жоспарларымен де бөлісті. ­– Қазір мен аймақтық даму индексін жасақтаудамын. Себебі, Қазақстан аймақтардан тұрады. Ал, еліміздің экономикасы аймақтардың экономикасынан тұрады. Адам капиталы, бәсекелестікке қабілеттілік индексі бар. Сол секілді жергілікті атқарушы органдардың индексі қандай? Олардың қызметтерінде қандай ортақ бағалау бар? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеудемін.

_EAC8039

Әлем экономикасында елдердің дамуы әртүрлі. Кейбірі қарқынды дамыған болса, енді бірқатары дамушы елдерге жатады. Олардың тәжірибелерін зерттеп, бізге қажетті тұстарын алу ­– басты мақсат. Бұл ретте спикер шетелдік кітаптарды зерделеудің маңыздылығына тоқталды. «Әлемде жылына бір миллион 800 мың кітап шығады. Оның барлығы – ағылшын тілінде. Бүгінде Елбасы тапсырмасымен оның 18-і ғана қазақ тіліне аударылды.

_EAC7935

Гарвард университетінің мотивациясын атыраулық оқушылармен бөліскен Шыңғыс Жұмабекұлы бүгінде қазақстандықтарға қажетті деген кітаптарды ағылшын тілінен қазақшаға аударуда. Оның «Қазақ тілін меңгеруге он себеп» атты кітабының ғаламтор кеңістігіндегі оқылым саны соңғы екі жылда алты миллионға жетті. Осы және өзге де ақпараттармен сусындаған оқушылар көкейдегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды.

_EAC7944

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған