Жарнама
Жаңалықтар

ПАРТИЯ ҚҰРАМЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

Атаулы мерекеге орай, «Нұр Отан» партиясының «Атырау» облыстық филиалында арнайы шара өтті. Онда «Нұр Отанның» сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруда белсенділік танытқан партиялық кураторлар, облыстық мәслихат депутаттары Сүйінішбек Әбуғалиев пен Мария Қаражігітоваға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан жазылған Алғыс хат табысталды.

 Мереке күні партия құрамы жаңа мүшелермен толықтырылды. Атырау аймақтық құқықтық ақпарат орталығы, «Жетіқара Ойл Компани» ЖШС, Атырау облыстық балалар ауруханасы, Атырау облыстық қан орталығының қызметкерлері мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттеріне «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Кеңес Қосыбаев партиялық куәліктерді табыс етті.

Айта кетейік, бүгінде партияның 850 мыңға жуық мүшесі бар. 2013 жылы «Нұр Отан» «Электрондық партия» жобасын іске қосты. Оның көмегімен үйде отырып-ақ онлайн режимде партияға өтініш беруге, оның орындалу дәрежесін тексеруге, депутаттың немесе министрдің қабылдауына жазылуға болады.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button