ОЗА ШАУЫП, ЖҮЛДЕ АЛҒАН…
Қазылар алқасының төрағасы, «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, биыл байқаудың ұйымдастыру комитетіне аймақтық, облыстық газеттердің, телеарналардың журналистері мен штаттан тыс тілшілерінен, өңірде жұмыс жасайтын республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілерінен барлығы жүзге жуық материалдар мен телетуындылар ұсынылған. Олардың арасынан үздіктерін анықтау қазылар алқасына оңайға түспепті.
«Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Тим Миллер журналистердің ерекше белсенділігі аталған құрылым мен компанияның арасындағы тығыз қарым-қатынастың көрінісі деп білетінін айтты.
— Ақпарат құралдарының қоғамдағы орны ерекше. Баспасөзде, телеарналарда ТШО-ның қызметі туралы объективті материалдардың көптеп жариялануын жоғары бағалаймыз, — деді ол.
Журналистер арасындағы байқаудың бұл жолғы бас жүлдесін облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бөлім меңгерушісі Светлана Новак иеленді. «Алтын аймақ» газеті еліміздің мұнай өнеркәсібі саласын белсенді түрде көрсете білген үздік БАҚ деп танылды.
Мемлекеттік тілдегі мерзімді басылым бетіндегі үздік мақалалары үшін облыстық «Атырау» газетінің бөлім меңгерушісі Азамат Базарбаев 1-орын алды. Осы басылымның арнаулы тілшісі Меңдібай Сүмесінов пен ардагер фототілші Қайрош Қабдешев те жүлделі орындарды бөлісті.
Орыс тіліндегі БАҚ-та жарық көрген материалдары үшін облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшілері Динара Қанбетова үздік атанса, Гүлжан Елешева мен Марина Қуанышева екінші-үшінші жүлделерге лайық көрінді. Республикалық басылымдардың тілшілері бойынша «Алтын аймақ» басылымының тілшісі Асылай Сержанова, «Мұнайлы астананың» бас редакторы Құттыгерей Смадияр және Алтынай Берішбаева жүлделі орындардан көрінді.
Үздік телевизиялық жобалар бойынша «Хабар» телеарнасының тілшісі Арыстанбек Кенже, облыстық телеарнаның тілшісі Айымгүл Хайруллина, «Хабардың» телеоператоры Темірлан Сұлтанғазиев жүлдегер атанды.
Ал, үздік фотосуреттері үшін Амангелді Мутигуллин, облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің фотосуретшілері Ерлан Алтыбаев (суретте) пен Әнуар Әбілғазиев марапатталды. Сонымен қатар, «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Ләззат Сәлімова «Жас қалам жүлдесінің» иесі деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы да бағалы сыйлықтарға ие болды.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.