Жайсыз отбасындағы жасөспірімнің болашағына кім жауапты?

1527585675 1376314157 pubertat Жаңалықтар

Тәртіп сақшылары мектепке барудан жалтаратын немесе баланың бос уақытын өткізуге жете мән бермейтін отбасылармен жұмысты ұдайы жүргізіп келеді. Профилактикалық есепте облыс бойынша 203 жайсыз отбасы болса, жыл басынан бері жасөспірімдердің қатысуымен 1500-ге жуық құқық бұзушылық тіркелген. Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі тұрақты түрде өткізіп тұратын алдын алу шарасы нәтижесінде биыл кәмелет жасына толмаған 178 жас есепке алынды.

1527585675_1376314157_pubertat

Облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Амангелдінің айтуынша, ата-аналардың жауапкершілігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабында көзделген. Аталмыш заң аясында мектеп жасындағы балалардың білім мен тәрбие алуына назар аударылады.

Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Орынгүл Көшқалиеваның келтірген дерегіне сүйенсек, 1600-ге жуық ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылып, заң талаптары түсіндірілген. Ал, мұндай ескертуге құлақ аспаған үш ата-ана құқығынан айырылып, екеуінің құқығы шектелді.

Айбөпе Сабырова

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз