Мектепте жүріп студент атанды: атыраулық оқушылар ректор грантын иеленді

img 20210220 wa0003 Жаңалықтар

«Атыраулық үш оқушы олимпиада қорытындысымен ректор грантын иеленді» деп хабарлайды Atr.kz

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде  жоғары сынып  оқушылары арасында өткен дәстүрлі пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, пәндік олимпиада жаратылыстану бағытында өткен.

Физика пәнінен бірінші орынды  Ж. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей оқушысы Ғаллем Әсемай иеленді. Химия пәнінен жүлделі орынға  №22 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп оқушысы Әбуғали Нұржанат ие болды. Ал, математика пәнінен І орын Ж. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей оқушысы Бахытбек Дамирге бұйырды.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлық және университет ректоры атындағы грант сертификаты  табысталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз