Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeЭкономика

ОТАНДЫҚ ӨНІМ НЕГЕ ӨТПЕЙДІ? «Қазақстандық қамтудың» күнгейі мен көлеңкесі хақында…

Atr.kz/11 ақпан, 2020 жыл. Еліміз бал ұстаса да бармағын жалай алмай отыр. Мұнай-газ саласындағы жабық тендерлер – шетелдік компаниялардың үлесінде. Орасан зор ақша Қазақстанның қаржы айналымында бір сағат та аялдамайды. «Әлемдік стандартқа сәйкес емес» деген желеумен отандық өнімдерге тапсырыс аз беріледі.

Мына мысал одан да сорақы: Жөндеуді қажет ететін құрылғы, компрессорлар Атыраудан ұшақпен Италия, Таяу Шығыс мемлекеттеріне жіберілуде. Каспий аймағы бойынша хаб жасалса, үлкен жұмысты облыста ұйымдастырудың мүмкіндігі болар еді.

ШАМ ЖАРЫҒЫ ТҮБІНЕ ТҮСПЕЙДІ

Шамның жарығы түбіне түспейтіндігіне қатысты нақты мысал бар. Бұдан бұрын Теңіз қалашығында тауар өндірушілердің көрмесі өтті. Оған 40-тан астам жергілікті серіктестік қатысып, азық-түлік, құрал-жабдық, құрылыс материалдары, тағы басқа да дайын дүниелерін ұсынды. Дегенмен, дәл іргесінде өтіп жатса да, осы шараға «Теңізшевройл» компаниясы маңыз бермеді. Көрмеге төменгі буындағы қызметкерін жіберуіненақ бұл мәселеге көзқарасы байқалып тұрды.

Шара кезінде сұхбаттасқан облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму б а с қ а р м а с ы өкілінің пікірінше, тауар өндірушілердің көрмесін ұйымдастыру оңай болмаған. «Тауар өндірушілердің өнімдері тиісті талаптарға жауап береді. Олар – сапасы жоғары тауарлар» деген еді сонда басқарма өкілі.

Алайда, еліміздің арқасүйері саналатын «Теңізшевройл» басшылары басқаша ойлайды екен. Өйткені, бұл компаниядағы «қазақстандық қамтудың» үлесі өте төмен. Соған қарамастан таратқан ресми ақпаратында бәрі керемет секілді. Мұнда жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін қазақстандық тауарлар мен қызметтер нарығын дамытуға маңыз берілетіні айтылады.

«Теңізшевройл» қазақстандық қамту бойынша міндеттерін орындау үшін тауарлар мен қызметтер жабдықтаушыларына ұзақ мерзімді мүмкіндіктер туғызуға тиіс. Сол себепті, компания инфрақұрылымға, қазақстандық кадрларды оқыту мен жұмыс орындарын ашуға қажетті инвестицияны тарту арқылы қазақстандық ж а б д ы қ т а у ш ы л а р д ы тұрақты дамытуды қолдауын жалғастыра бермек. ТШО жыл сайын тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық үлесті арттырып келеді» делінген ақпаратта.

«ШЫМЫЛДЫҚ» СЫПЫРЫЛА ТҮССЕ…

Мемлекеттің «қазақстандық қамтуға» қырын қарайтын компанияларға талабы к ү ш е ю д е . О с ы н ы ң нәтижесінде ел ырыздығын шашып жеп, төгіп ішкен жер қойнауын пайдаланушылар отандық бизнеске бет бұра бастады. Бұған мұнай-газ саласындағы сатып алудың 77 пайызына ие, санаулы жылдың өзінде осы мақсатқа 4,6 трлн. теңге жұмсаған ірі үш шетелдік компанияның өз жоспарларын жария етуі айқын мысал бола алады. Бұл атыраулық кәсіпкерлердің де болашаққа деген сенімін арттырды. – Бүгінде елімізде жергілікті қамту басым бағыт ала бастады.

Олардың ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін сатып алудағы үлесі 40 пен 49 пайыз аралығын құрайды. Соңғы төрт жылда сатып алу үш есе көбейіп, 4,6 трлн. теңгеге жетті, — деді «Атамекен» ҰКП мұнай операторларымен байланыс жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жәкиев. Осыған дейін отандық бизнес шетелдік ірі компаниялардың нені сатып алғысы келетінін білмей келді. Бәрі құпия ұсталатындықтан, кәсіпкерлер қандай бағыт ұстанарын ұққан да жоқ. Енді «шымылдықтың» шеті сыпырылып, серіктестік қызметке мүмкіндік туып отыр.

iiiit 1

Мәселен, бұрын химиялық реагенттер сырттан тасымалданатын. Енді бұл жергілікті жерде шығарылуда. Электр құрылғыларымен қамту, қызмет көрсетуде ерекшелеп айтатын жобалар бар. Отандық бизнестің мүмкіндігін тиімді пайдалануға күш салынуда. Дегенмен, жанар-жағармай, азық-түлік, машина құрылысын қоса есептегенде, көрсеткіштер әлі төменгі дәрежеде қалуда. Тауар жеткізу мөлшері бірнеше жыл қатарынан өспей отыр. Мұның себебі неде?

Шетелдік компаниялар талапқа сай құрылғыж а б д ы қ т а р д ы ң көпшілігі Қазақстанда шығарылмайтынын алға тартады. Өйткені, елімізде озық технологиялы өндіріс аз. Десек те, Атырау облысында «Атыраунефтемаш», «Жігермұнайсервис» секілді кәсіпорындар ірі мұнай жобаларындағы тапсырыстарды орындай бастады. Бұлардың өнімдері сапалы. Осы деңгейден көрінетін өзге отандық кәсіпкерлік құрылымдар да бар. Ал, оларға көмек көрсетуге, ынтымақтаса әрекет етуге алпауыттар ынталы емес.

Атырау облысында ауқымды ж о б а л а р д ы ж ү з е г е асырушылар технологиялық құрылғы, жабдықтардың денін шетелден тасуда. Жергілікті өндіріс орасан зор қаражат жұмсалып жатқан жобалардан шет қала бере ме? Қанша қаражат сыртқа кетіп жатыр? Мамандар «Каспий теңізі арқылы шекаралас Ресей, Әзербайжан, Түркіменстанды тартып, хаб ұйымдастырып, осы мәселені жергілікті жерде шешсе, Қазақстанға едәуір пайдалы болар еді» деген ұстанымда.

  • Бүгінде тек 400 қазақстандық компания тұрақты түрде шетелге өнімін экспорттап отыр. Бұл белсенді кәсіпорындардың (елде өңдеу өнеркәсібі саласында 15 803 кәсіпорын бар) бар-жоғы 2,5 пайызы ғана. Жаһандық сауда алаңында қазақстандық шикізаттық емес тауарлардың экспорты баяғыша төмен деңгейде. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қазіргі таңда мемлекет экспортқа шыққысы келген кәсіпорындарға барынша қолдау білдіріп келеді. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық текетірес пен өзге елдердің санкциялық дауы қазақстандық экспорттың одан әрі төмендеп кетпеуіне аз да болсын септігін тигізуде.

Азамат БАЗАРБАЕВ

«…Ең ірі үш жобаның өнімдер мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың үлесі – 34 пайыз. Бұл деңгей талай жылдан бері еш өспей, бір орнында табандап тұр. Мәселе неде? Неге өзгеріс жоқ? Еліміздегі ірі инвесторларға мына мәселені баса айтқым келеді. Біз барлық келісім шарттардың тұрақтылығын берік сақтап келеміз. Соның өзінде оның аясында барлық мүмкіндіктер толыққанды берілмей отыр. Біз жергілікті кәсіпкерлердің өнімдер мен қызметтерді сатып алуына кедергі болып отырған мәселелерді анықтап, оның шешуін бірге табуға тиіспіз. Жергілікті тұрғындар мен отандық бизнес өкілдерінің күткені осы. Және бұл орынды талап»

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/prezident-kin%d3%99lilerdi%d2%a3-zhazasyz-%d2%9balmauyn-%d2%9bamtamasyz-etudi-tapsyrdy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button