Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қосымша 14 пойыз жүреді

Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі аясында  ел бойынша қосымша 14 пойыз жолаушыларды тасымалдайды. Осылайша, қазіргі пойыздардың саны 58-ге дейін жетеді.

Қосымша 14 пойыз жүреді

Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің өкілі Меруерт Ибраева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Яғни, жаз мезгілінде «Астана – Шымкент», «Астана – Маңғышлақ», «Астана – Атырау», «Астана – Орал», «Шымкент – Астана», «Маңғышлақ – Астана», «Орал – Астана», «Қостанай – Астана», «Жамбыл – Астана», «Астана – Алматы – Астана», «Қарағанды – Астана», «Атырау – Астана», «Көкшетау – Астана – Пригородное» және «Атбасар – Астана – Пригородное» бағытындағы қосымша пойыздар жолға шығады.

Айта кетелік, наурыздың 22-сі күні Алматыдан Ташкентке қатынайтын жаңа бағыт  ашылған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button