COVID-19: Атырауда тағы 34 науқас тіркелді

img 20201209 wa0004 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында өткен тәулікте 34  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 20 жұмысшыдан, Жылыой -2, Құрманғазы ауданынан 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде.

 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар тіркелмеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 174 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  42
 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 8 (атап айтқанда, Индер, Қызылқоға, Құрманғазы аудандардағы инфекциялық стационарда), Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 188 адам ем қабылдауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз