Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

«Өзгеге өмір сыйла!»

Аtr.kz/17 маусым, 2020 жыл. 14 маусым – Донорлар күніне орай «Атырау облыстық қан орталығы» мекемесінде «Өзгеге өмір сыйла» атты донорлық қан тапсыру акциясы өтті. Акцияның мақсаты – осындай шаралар арқылы ұжымдық белсенділікті арттыру және қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету. Шараны Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» ұйымдастырды.

Акцияға әр түрлі сала қызметкерлерінен 80-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Оның ішінде 70-ке жуық адам донор болып, 33 л қан тапсырды. Қан тапсырған донорларға Азаматтық орталық атынан арнайы тәттілер таратылды.  Донорлар тапсырған қан хирургиялық аурулар, гемотологиялық, гинекологиялық ауруларға және ауыр жол апатына түскен жандарға шұғыл түрде құйылады.

Атырау облысы қан орталығы директорының орынбасары Жаңылсын Шиндаулованың айтуынша, Атырау облыстық қан орталығында жылына 6579 адам донор болуға келеді. Соның ішінде, 483 тұрақты донор бар. Үш ай сайын олар орталыққа қан тапсырып отырады. Ал жыл басынан бері орталыққа  3525 адам донор болып, 1808 л қан тапсырған.

Сондай-ақ, бүгін 14 маусым – Донорлар күніне орай Атырау облыстық қан орталығында белсенді донорларды мерекемен құттықтау мақсатында концерттік шара ұйымдастырылды. Шарада белсенді донорлар арнайы сыйлықпен марапатталды. Бұл шараға «Өмір гүлі» және «Мен бармын» қоғамдық бірлестігінің өнерпаздары да атсалысып, өз өнерлерін көрсетті.         

Донорлық – өз қаныңды мұқтаж жанға сыйлау, оның өмірін құтқару. Кез келген адам қан тапсырмас бұрын міндетті түрде медициналық тексеруден өткізіледі.  Қандағы гемоглобин мөлшері төмен адамдар да (әйелдерде — 110 г/л, еркектерде — 120 г/л) уақытша донор бола алмайды. Сондай-ақ, қан тапсырардан біраз бұрын ота жасатқандар, тісін емдетіп немесе жұлдырғандар, дәрі-дәрмек ішкендер, екпе салдырғандар, эндемиялық аудандарға барып келгендердің донор болуына уақытша шектеу қойылады.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button