БІТІМГЕРШІЛЕР БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАЛАЙДЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымы елдің бейбіт тұрғындарын қарсылас күштердің қарекетінен қорғау мақсатында Оңтүстік Суданға тағы бір мәрте мыңдаған сарбаздан құралған бітімгершілер жасағын жіберуді жоспарлаған.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдеуінше, көп кешікпей «көгілдір каска кигендер» корпусының қатары 12 мың адамға дейін жеткізілмекші. Бұл жөнінде Қауіпсіздік Кеңесі нақты шешім алып та қойған. Халықаралық ұйымның басшысы сонымен бірге жауласушы тараптардың жетекшілеріне адамзатқа қарсы бағытталған қылмыстық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілікке тартылатынын да ескерткен.

 

Дәулетқали АРУЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз