Әлеуметтік желіде отырып, жөнсіз ар-намысқа тигендер жауапқа тартылады

Жаңалықтар

Бүркеншік атпен монитордың арғы жағында отырып алып, қоғамға жөнсіз тіл тигізетін ғаламтор пайдаланушылары бұдан былай заң алдында жауап бермек. Бұл туралы еліміздің ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлады.

150327093708_internet_laptop_624x351_pa

Яғни, жаңадан «Тіл тигізу» бабы сотта дербес қаралатын болады. Бірақ, бұл жерде тіл тигізген адамның кім, қайда тұратынын білу керек қой. Сонда, арыз кімнің үстінен жазылады? Қалмұханбет Қасымов ішкі істер органдары қазіргі таңда жалған ат пайдаланатын желі қолданушыларын анықтай алатындай техникалық мүмкіндікке ие екенін айтады. Демек, желі қолданушысының электронды поштасы мен ұялы телефон нөмірін оның «IP» мекен-жайы арқылы оп-оңай анықтауға болады деген сөз.

Бәрімізге белгілі, ғаламтор арқылы балағат сөздерге жол беретіндер желіге жалған атпен тіркеледі. Ал, олар туралы ақпаратты «ВКонтакте» және «Фейсбук» желілері тек полицияға ғана бере алады. Айта кетейік, әлеуметтік желіде жөнсіз ар-намысқа тиген азаматтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабының 1-тарауы бойынша жазаланатын болады.

 Мөлдір ҚҰМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз