Азық-түлік 25 пайызға қымбаттаған

9876d9a1 a4a2 4f1f b967 d9263485f026 Жаңалықтар

Азық-түлік бір жылда 25 пайызға қымбаттаған. Бағаны тежеу үшін кешенді шаралар қажет.

Депутаттар бүгін Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Инфляция былтыр 20 пайыздан асып кетті. Бұл болжамды көрсеткіштен 5 есе көп. Салдарымен емес, себебімен күресу керек, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал қолданыстағы тәсілдер ескірген. Қабылданып жатқан шаралардан нәтиже жоқ. Көтерме-тарату орталықтары жағдайды реттеуі тиіс еді. Алайда, бастаманың өзі жеміссіз деп отыр депутаттар.

«Жүйелі кешенді шаралар әзірлеу керек. Ол үшін алдымен еңбек өнімділігін арттыру қажет. Әсіресе агроөнеркәсіптік кешенге басымдық беру керек. Екіншіден мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы өнімсіз шығыстарды қысқартқан жөн», -деді  Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз