Жарнама
Жаңалықтар

”Өркеннің” өз емханасы бар

Жаңа жыл қарсаңында исатайлықтар жағымды жаңалықтың куәсі болды. Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылына қарасты Өркен елдімекенінде көптен күткен фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Жаңа нысанның құрылысы алдыңғы жылы басталып, өткен жылдың соңында пайдалануға берілді.

Жаңа денсаулық сақтау мекемесінде дәрігерге дейінгі қарау кабинеті, егу, таңу бөлмелері, медициналық қызметкерлерге арналған бөлмелер мен акушерлік кабинеттер бар.

img 4955

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұрым Мусин, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Абилова, Исатай ауданының Құрметті азаматы, білікті дәрігер, сала ардагері Күләш Нұрманова қатысып, ауыл тұрғындары мен әріптестерін жаңа ФАП-тың ашылуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

img 4956

Жаңа нысанның қызыл кермесін Аққыстау бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Қожантай Сыдихов пен ардагер дәрігер Сәуле Қайреденова қиды. Ақжаулықты әжелер шашу шашып, игі тілектерін білдіріп, батасын берді. 

img 4958

Дәулетқали АРУЕВ
Исатай ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button