Риза болып қалдым

Мен – зейнеткер қариямын. Мемлекет басшысының әр сөзін тыңдап, үлкен ризашылықпен айналамдағы жақын-жуық, ұрпақтарыма түсіндіріп отырамын. Кешегі Елбасының Жер туралы Заңның 4 бірдей тармағының орындалуын кейінге қалдыру туралы шешімін өте жылы қабылдадым. «Халыққа ұнамайтын заңның не керегі бар?» деген сөзі барша жұртқа  ризашылық сезімін тудырғаны анық.

Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғам өміріндегі барлық салаларға қатысты аса маңызды жаңғыртуларды әрі қарай тиімді жүзеге асыруға бағытталған барлық бағдарламаларына разымын. Елбасымыздың бұл шешімі оның көрегендігін, өз халқын сүйетінін және қадірлейтінін білдіреді. Біз сияқты өмір бойы қоғамға еңбек еткен қарияларға ендігі жерде ұрпағымыздың амандығы керек. Бейбіт өмір қажет. Сондықтан, осынау күрделі кезеңде өз пікірімді ортаға салуды орынды санадым.

Құрмет  НҰРСАРИЕВ,

Ішкі істер қызметінің зейнеткері,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз