Атырауда коронавирус жұқтырған тағы 35 адам анықталды

200601074608430e COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/4 маусым, 2020 жыл. COVID-19 жұқтырған 30 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және Теңіз кен орнынан шығар кезде скринингтен өткен қызметкерлер.
Ал, 3 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Оның біреуі – жаңа туған нәресте, екеуі 1998, 1968 жылы туған әйел адамдар. Олардан ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде ПТР анализ алынған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Тағы 2 жағдай Жылыой ауданының 1976, 1985 жылы туған әйел адамдардан тіркелді. 1 адам ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгініп, анализ тапсырған, екінші адамнан скринингтен өту кезінде анықталған.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз