ӨНДІРІСІ ЖОҚ Жайық жағалаған жұртты не толғандырады?
Atr.kz/16 қазан, 2020 жыл. Қаламен шектес Махамбет ауданына алғаш келген адам жаңашылдықты бірден байқайды. Даңғарадай үйлерінің шатыры да әр түспен жабылған, қақпа алдына қаңтарылған әдемі көліктердің маркасы да сан түрлі.
Жо-жоқ, мұндағылардың бәрі шылқыған бай емес. Бірақ, «соңғы үлгідегі» дәулетіне қарап-ақ ауыл адамдарының тұрмысын білуге болады. Әйтсе де, өріс толы малын бағып, одан қалса жер еміп күнелтіп отырған халықтың шынайы тұрмыс- тіршілігіне үңіліп көрелік.
Такси де табыс көзі
Бірден әкімдікке кіріп, өңірдің тыныс-тіршілігін сұрап білуге болар еді. Алайда, біз тұрғындардың өз аузынан естігіміз келді. Көліктен түсе сала, аудан орталығында қаз-қатар орналасқан әдемі үйлерге таңырқаған күйі, такси күткен тұрғындарға келдік.
– «Таныс такси келе ме?» деп тұрмыз. Әйтеуір, қалаға дейін 500 теңгеге келісуге болады. Негізі, адам басына такси құны – 800 теңге. «Атырауға қатынайтын автобус шықты» деп естіп едік, бірақ жүру кестесін білмейміз. Халық әлі үйренісе алмай жатыр…
Бұл – бізге алғаш жолыққан аудан тұрғыны Әслима Тұрғалиеваның жауабы. Өзі зейнеткер болған соң ауылдағы мәселелер апайды мазалайды екен. Құрметті еңбек демалысына көп балалы ана ретінде ертерек шығып, отағасының жасы зейнет жасына жетпегендіктен, әлі дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Апай өзінің зейнетақысы мен жұбайының жалақысы күнделікті ішіп-жемінен ауыспайтынын айтты. Қыздары жоғары оқу орындарында оқиды. «Қосымша табыс болсын» деп, үйде отырып-ақ, ұсақ-түйек істермен шұғылданады екен. «Ауылда мұндай іске талапты адамдар көп емес» дейді апай.
– Қазіргідей індет жүріп тұрған шақта өзімізді күтіп, таза су, дәрумендерді пайдалануға тырысамыз. Табиғи сүт, ет үшін ұстап отырған екі-үш ұсақ малымыз бар. Бірақ, жайылымдық жер жоқ, биыл шөп те шықпады, азын- аулағын бақташыға қосамыз. Бір сөзбен айтқанда, ауылда ата кәсіпті ұстап қалу оңай болмай тұр, — дейді Әслима Тұрғалиева.
Бұл әңгімеге көлік күтіп тұрған өзге тұрғындар да қо сыла кетті. Қысқасы, ауданда шешімін күткен көп іс бар екен. Осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген көпірдің жайы, көрші ауылдармен қатынас жолы нашар, жұмыссыздық, мал азығы да қымбат, ауыл тұрғындарының жалақысы күнкөріске жетпейді, тізім осылайша жалғаса береді.
Сол кезде жолдың арғы бетіне тоқтай қалған көліктің есігі ашылар- ашылмастан «қалаға бір адам» деген «жарнамалық» айқайды естідік. Сөйтсек, Әслима апай айтқан «800 теңгелік такси» екен. Жас та, жасамыс та осы кәсіппен шұғылданатын көрінеді. Сөзге тартқанбыз, бірден бас тартты. Өзін «Ауған соғысының а р д а г е р і м і н » д е п т а н ы с т ы р ғ а н Нұрлан Юсупов қана өңірдің соңғы кезде ажары кіріп, гүлденгенін алға тартты.
– Интернет те жетті, дөңгеленген дүние көз алдымызда. Балаларымыз сабақты үйден оқып отыр. Ауылда өндіріс жоқ, сосын такси қызметімен күнелтеміз. Өзім осылай нәпақа тауып жүргеніме жиырма жылдан асып кетті. Бала-шағамызды жетілдіріп отырмыз. Көлік бұзылмай жүрсе, мұнымен тапқан табыс бір отбасыны асырауға толық жетеді, — дейді тәжірибелі жүргізуші. Ол ауыл жұртының көпшілігі күнкөріс үшін несие алатынына қынжылды.
– Тұрмыстық заттардан бөлек киім- кешекті несиеге алады. Ал, банктер қарыз алушының оны қайтаруға мүмкіндігі бар ма, жоқ па, онымен ісі жоқ, бере салады. Несиесін алуын алғанымен тұрақты жұмыс жоқтың кесірінен төлей алмай жүргені қаншама?..
Велосипед мінген келіншек
Велосипедпен газет тасып жүрген курьер Раушан Мұхтаровамен де көшеде жолықтық. Раушан бұл өңірге келін болып түскен сегіз жылдан бері курьерлік қызметте келеді. Алғашында ауыл тұрғындары велосипедке мініп газет таратып жүрген келіншекке таңғалған екен, қазір үйреніпті.
– Ертемен әр мекемеге хаттарды, газеттерді таратамын. Велосипедті пошта басшылығы берді. Екі балам бар, алды мектеп жасында. Осы жұмысым өзіме ұнайды, қиындығы да бар, қызығы да аз емес. Велосипедпен жүру әуелі денсаулыққа пайдалы, сосын уақытымды үнемдейді. Әрине, жерге қар түскен кезде аздаған қиындық туатыны бар. Бірақ, бұдан жақсы жұмыс та жоқ, ауылда жұмыс табу қиын ғой, — дейді Раушан.
Махамбет ауылындағы орталық дәріханаға бардық. Бірақ, фармацевт бізбен сөйлескісі келмей, көп мәлімет бермеді.
– Ең бастысы, дәріміз жеткілікті, халықтың сұрап келгені бар, — деуден әріге барған жоқ. Дәріханаға басы ауырып, балтыры сыздап келгендер көп екен. Бірі жөтелге дәрі сұраса, екіншісі тұмауға қарсы препараттарға мұқтаж. Мұнда медициналық бетперде 70 теңгеден сатылып жатыр.
Ажырасу неге көп?
Махамбет аудандық орталық ауруханасына барғанымызбен, бас дәрігерден де, орынбасарынан да пандемияның екінші кезеңіне ауданның дайындығы туралы мардымды жауап ала алмадық. Бас дәрігердің жұмысқа кіріскеніне көп бола қоймапты, сол себепті жауаптан жалтарды.
Халық көп жүретін жердің бірі – аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы. Біз мұнда түс кезінде жеттік. Орталық басшысының міндетін уақытша атқарушы Мәруа Себекбаева алдымыздан шықты. Мақсатымызды естіген соң ол тұрғындар негізінен, онлайн режимде құжаттарын алуда түсінбестік танытып, жиі телефон соғатынын айтты.
– Қазір халық біртіндеп құжаттарын электронды түрде алуға үйреніп келеді. Үй салуға құжат тапсырушылар қатары да артып отыр, — дейді ол.
Баспана көп салынса, ауылда өсім болғаны. Олардың жартысына жуығы жас отбасылар екені қуантты. Десек те, көңілімізді су сепкендей басқан бір мәселе бар екен. Облыс бойынша Махамбет ауданында ажырасу көрсеткіші азаймай отыр.
Әлбетте, өмір болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны анық. Бұл тек қазаққа тән ахуал емес, күллі әлемдік тәжірибеде солай. Бұл ойымызды аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Әлия Сейілова да растады.
– Ауданда 2019 жылы 45 ажырасу дәйегі тіркелсе, биыл 12 отбасының неке сі бұзылды. Өткен жылмен салыстырғанда, ауданда жасалынған іс- шаралар нәтижесінде, ажырасу дерегі үш есеге төмендеді. Некені бұзуға ұсыныс беріп, кейін медиация мамандары арқылы татуласып, жарасып кеткен жұптар да бар. Көп жағдайда ажырасуға отағасының жұмыс жасамауы, ішкілікке салынуы, екеуара мінезі жараспауы себеп болады, — дейді Ә.С ейілова.
Жергілікті тұрғындармен хал-жай сұрасып, пікірлесуге жарты күнімізді жоғалттық. «Халық айтса, қалт айтпайтыны» рас қой. Сондықтан, мәселелердің шешілу жолы, жай-жапсары хақында білмек болып, аудандық әкімдікке бет алдық.
– Қазіргідей індет жүріп тұрған шақта өзімізді күтіп, таза су, дәрумендерді пайдалануға тырысамыз. Табиғи сүт, ет үшін ұстап отырған екі-үш ұсақ малымыз бар. Бірақ, жайылымдық жер жоқ, биыл шөп те шықпады, азын- аулағын бақташыға қосамыз. Бір сөзбен айтқанда, ауылда ата кәсіпті ұстап қалу оңай болмай тұр, — дейді Әслима Тұрғалиева.
Бұл әңгімеге көлік күтіп тұрған өзге тұрғындар да қо сыла кетті. Қысқасы, ауданда шешімін күткен көп іс бар екен. Осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген көпірдің жайы, көрші ауылдармен қатынас жолы нашар, жұмыссыздық, мал азығы да қымбат, ауыл тұрғындарының жалақысы күнкөріске жетпейді, тізім осылайша жалғаса береді.
Сол кезде жолдың арғы бетіне тоқтай қалған көліктің есігі ашылар- ашылмастан «қалаға бір адам» деген «жарнамалық» айқайды естідік. Сөйтсек, Әслима апай айтқан «800 теңгелік такси» екен. Жас та, жасамыс та осы кәсіппен шұғылданатын көрінеді. Сөзге тартқанбыз, бірден бас тартты. Өзін «Ауған соғысының а р д а г е р і м і н » д е п т а н ы с т ы р ғ а н Нұрлан Юсупов қана өңірдің соңғы кезде ажары кіріп, гүлденгенін алға тартты.
– Интернет те жетті, дөңгеленген дүние көз алдымызда. Балаларымыз сабақты үйден оқып отыр. Ауылда өндіріс жоқ, сосын такси қызметімен күнелтеміз. Өзім осылай нәпақа тауып жүргеніме жиырма жылдан асып кетті. Бала-шағамызды жетілдіріп отырмыз. Көлік бұзылмай жүрсе, мұнымен тапқан табыс бір отбасыны асырауға толық жетеді, — дейді тәжірибелі жүргізуші. Ол ауыл жұртының көпшілігі күнкөріс үшін несие алатынына қынжылды.
– Тұрмыстық заттардан бөлек киім- кешекті несиеге алады. Ал, банктер қарыз алушының оны қайтаруға мүмкіндігі бар ма, жоқ па, онымен ісі жоқ, бере салады. Несиесін алуын алғанымен тұрақты жұмыс жоқтың кесірінен төлей алмай жүргені қаншама?..
Велосипед мінген келіншек
Велосипедпен газет тасып жүрген курьер Раушан Мұхтаровамен де көшеде жолықтық. Раушан бұл өңірге келін болып түскен сегіз жылдан бері курьерлік қызметте келеді. Алғашында ауыл тұрғындары велосипедке мініп газет таратып жүрген келіншекке таңғалған екен, қазір үйреніпті.
***
Махамбет ауданы облыс орталығынан 70 шақырым қашықтықта, «Атырау-Орал» көлік жолының бойында орналасқан. Ауданда 9 ауылдық округ, 23 елді мекен бар.
Аудан халқының жұмыспен қамтылуы
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үш бағыты бойынша 1560 адамды жұмыспен қамту көзделген.
- I бағыт: 14,4 млн. теңгеге 50 адам қысқа мерзімді курстарда оқыды. Жыл басынан бері 63 адам қысқа мерзімді курсқа жолданып, 19 адам жұмыс беруші компания есебінен жұмысқа тұрды.
- II бағыт: «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы 100 жұмыссыз оқуға жолдама алды. 23-і бизнес бастауға несие алды.
Бизнес идеясы үшін 30 үміткерге 16,7 млн. теңгеге грант тағайындалды.
Мемлекеттік грант алуға ниет білдірген азаматтар көп болуына байланысты республикалық бюджет есебінен 10 адамға қосымша 5,5 млн. теңгеге сұраныс берілді.
- III бағыт: 1397 адам жұмыспен қамтылды. 37-сі әлеуметтік жұмыс орнына, 66-сы жастар тәжірибесіне, 466-сы қоғамдық жұмысқа, 828-і тұрақты жұмысқа орналасты.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» арқылы Бейбарыс, Талдыкөл ауылдарының ішкі жолдары, Құрсай, Айсары каналдары, Махамбет аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімі, Ортақшыл, Ақтоғай ауылдарындағы дәрігерлік емханаларға жөндеу жұмыстары жоспарланып, 847 жаңа жұмыс орнын құру көзделген.
Бүгінде 820 жұмыс орны ашылып, «Арай» балалар лагері, Ақтоғай, Сарайшық ауылдарындағы дәрігерлік емхананың жөндеу жұмыстары аяқталды.
Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА
Атырау – Махамбет – Атырау
Сурет Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВТІКІ