Еліміздің кейбір аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Жаңалықтар

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп хабарлайды Хабар арнасы.

pogudx72g78sjoeds.84861179

Республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік-батыста тұман байқалады. Павлодар облысында жел 15-20, түнде 23-28 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай жарқырап, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысында түнде желдің екпіні 25 м/с болады.

Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқырап, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында найзағай күтіледі.

Алматы облысында жел 17-22 м/с болады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында тұман күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз