Жарнама
Жаңалықтар

Әзербайжанның ЖОО қазақстандықтарға білім грантын ұсынады

Әзербайжандағы Khazar University білім орны бакалавриат, магистратура және PhD бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген Қазақстан студенттеріне жыл сайын 2 орын ұсынады. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі хабарлайды.

azerbaycan_flag

Үміткерлерден жоғары академиялық үлгерім мен ағылшын тілін білу талап етіледі. Құжаттарды қабылдау 15 сәуірге дейін жүргізіледі. Стипендия бір оқу жылы ішінде тегін оқытуды, академиялық үлгерім жоғары болған жағдайда бір оқу жылына ұзартуда көздейді. Тұру, тамақтану және жол жүру шығындарын студент көтереді. Толық ақпаратты аталған университеттің сайтынан алуға болады.

Еңлік СҰЛТАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button