Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ӨМІР-ӨЗЕН: Туған елдің жыршысы еді…

Қазақ әдебиеті, қаламгерлер қауымы ауыр қайғыға душар болды. Есімі елімізге белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ІІІ дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Әнес САРАЙ 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Ə н е с Т ө л е н д і ұ л ы 1 9 3 7 жылы Ресейдің Астрахан облысы, Володар ауданының Құрмалай ауылында дүниеге келген. Əл-Фараби (бұрынғы С.М.Киров) атындағы Қазақ ұлттық университетін филология факультеті бойынша бітірген. Еңбек жолын балық аулау кəсіпшілігінде бастаған. Кеңес əскері қатарында азаматтық борышын өтеген. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде əдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан Жазушылар одағында əдеби кеңесші болып қызмет атқарған. Заңғар жазушы Əнес Сарай қазақ əдебиетінің алтын қорына қосылған көптеген көркем туындыларды, атап айтқанда, «Мұнаралар ш а қ ы р а д ы » , « Б о з қ ы р ау » , «Қараша өткен соң» атты əңгіме-повестерін, «Тосқауыл», «Алтын арал», АстраханАтырау өңірі еңбеккерлерінің өмірін, тыныс-тіршілігін арқау еткен «Еділ-Жайық» романдарын дүниеге келтірді. Ол сондай-ақ, «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Исатай мен Махамбет», «Қу тазша», «Тойтиып қалды», «Ару Алматы», « М ұ ң ы м м е н і ң » , « А ң с ау » пьесаларының, Батыс Алашорда тарихын қамтитын деректі материалдардың авторы. Мұның сыртында, қабырғалы қаламгердің шығармашылығын шыңдаған əңгімелері мен повестері, драматургия саласында жазған еңбектері өз алдына бір төбе. « Ө л д і д е у г е б о л а м а , айтыңдаршы, артына өлмей-тұғын сөз қалдырған» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, артында осынша мол рухани мұра қалдырып, өмірден өткен ағамыздың асыл бейнесі оның қаламдас, əріптестерінің ғана емес, əрқайсысы алтынға айырбастығысыз кітаптарын іздеп жүріп оқып, тəлім мен тағылым алған əдебиетсүйер көпшіліктің есінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.

Мемлекет басшысы көңіл айтты

Мемлекет басшысы жазушы, драматург Əнес Сарайдың отбасы мен жақын-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады «Көрнекті жазушы, ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Əнес Төлендіұлы Сарайдың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Қарымды қаламгер республикалық газеттер мен баспада жəне Қазақстан Жазушылар одағында еңбек сіңірді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында тарихи, əдеби-зерттеу туындыларын тарту етті. Марқұмның жаны жəннатта, иманы саламат болсын», – делінген көңіл айту жеделхатында. Жазушы, драматург Əнес Сарай Ұлттық пантеонда жерленді.

Ұлы мұра қалдырды

Қазақ руханияты алыптарының бірі Əнес Сарай аға да келместің кемесіне мініп кете барды… Бұл қаза бəріміздің қабырғамызға батып тұр. Бірақ, ұлтына өлмейтін ұлы мұра қалдырғаны көңілге демеу. Ұлттық мəдениеттің жоқшысы, аса көрнекті жазушы əрі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Əнес ағамыздың қаламы қуатты болды. «Еділ-Жайық», «Мұнаралар шақырады», «Бозқырау», «Қараша өткен соң», «Тосқауыл», «Алтын арал», «Атырау», «Исатай мен Махамбет», «Қу тазша», «Тойтиып қалды» жəне «Ару Алматы» мен өзге де роман, əңгімеповесть, пьеса, сондай-ақ, зерттеулері ұлт руханиятына қосылған үлкен олжа. Ағамыз төл тарих пен танымды тереңдету үшін талай тер төкті. Шығармаларының бірқатарынан Атырауына деген жылылық есетін. Қазақ руханияты өкілдеріне, марқұмның жары Алтыншаш Жағанова апамызға, отбасы мен барлық туғантуыс, ет жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын! Ағамыздың топырағы торқа, жаны жəннатта болсын!

Атырау облысының əкімі М.ДОСМҰХАМБЕТОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button