Төреғалидың қайырымдылық концерті

торегали Жаңалықтар

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында Атырау қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен  эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің қайырымдылық концерті өтті.  Оған облыс орталығындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі жандар және қарттар үйінің тұрғындары келіп, тамашалады.

%d1%82%d0%be%d1%80%d0%b5%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d0%b8

Атырау қалалық мәслихаты тарапынан балалар мен әлеуметтік осал топтар үшін жасалған сауапты іс талай жанның жүрегін елжіретіп, ұл мен қыздың жанын шаттыққа бөледі.

«Ел  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қайырымдылық концертіне аз қамтылған отбасы балалары мен  мектеп-интернаттардың 500-ге жуық тәрбиеленушісі шақырылды. Атырау  қалалық мәслихатының депутаттары қамқорлыққа зәру жандарға әрдайым  материалдық көмек көрсетіп тұрады. Бірақ, осы жолы біз оларға рухани азық сыйлауды жөн көрдік.  Балалар үшін арнайы  шақыртылған эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің репертуарында елдікті, патриотизмді насихаттайтын ән көп. Оның  өскелең ұрпақ тәрбиесіне берер пайдасы зор деп есептеймін»  дейді Атырау қалалық мәслихатының хатшысы Қанат Әзмұқанов.

%d1%82%d0%be%d1%80%d0%b5%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d0%b82

Кеште өзге балалар секілді олар да сүйікті әншісімен бірге ән салды, өздерін бір мезгіл әртістей сезінді.

Төреғали Төреәлінің орындауындағы «Іздеме», «Бол, жанымда», Ерке Есмаханмен  бірге орындап жүрген  «Алло», «Сәлеметсіз бе» әндерін жұртшылық сүйіп тыңдайды.  Атыраудағы кеште «Алло» әнін Төреғали №35 мектептің жас әншісі Балнұраймен бірге шырқады. Томирис Ерболатқызымен бірге орындаған қарындас пен ағаның әні де өте әсерлі шықты.

Суреттерді түсірген:

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз