ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ — ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Өкімімен Нұрлан Қойланұлы Жантоқов Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа басшысын ұжымына таныстырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков басқарма алдында маңызды да ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі.
Н.Жантоқов 1963 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары: В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері және Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Мақат ауданында баспаханада бастаған.
Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін 1989-1992 жылдары «Ембімұнайгеофизика» өндірістік бөлімшесінде қызмет еткен. Кейін кәсіпкерлік саласында жұмыс жасаған.
1994 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, халықты еңбекпен қамту саласында түрлі лауазымдар атқарған.
1999 – 2003 жылдары Мақат ауданы әкімінің орынбасары, ал 2003 – 2007 жылдары аталған ауданның әкімі болып жұмыс істеді.
2007 жылы Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалып, 2010 жылға дейін басқарды.
2010 – 2021 жылдары түрлі кәсіпорындар мен компанияларда басшылық қызметте болды.
2021 жылдың сәуір айынан осы тағайындауға дейін «Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде эколог болып қызмет етті.
Н.Жантоқов «Құрмет» орденімен, II дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.