МЕДИЦИНАНЫҢ МАҚТАНЫШЫ БОЛҒАН ҰЖЫМ

Алмагүл мөлтекауданындағы №7 емхана ұжымы тұрғындарға көрсетілер сапалы медициналық қызметімен ерекшеленіп келеді. Таяуда ұжым өз табыстарына марқайып қалды. Халықаралық дәрігерлер күнін ақ халатты абзал жандар қуанышты жаңалықпен қарсы алды.  Ұлттық  бизнес – рейтингтер Одағы медициналық мекемелерге тәуелсіз сараптама жүргізіпті. Ол Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Ресей, Украина сияқты мемлекеттерді қамтыған көрінеді. Міне, аталмыш одақтың жасаған талдауы нәтижесінде №7 емхана ұжымы әлеуметтік салық критерийі бойынша алға шығып, «Медицина мақтанышы» деген Алтын белгімен марапатталыпты. Сонымен бірге, Гиппократ суреті салынған марапат белгісі қоса тапсырылды.

2015 жыл бойынша «Жыл маманы» атағын жеңіп алған Отбасылық денсаулық орталығы бөлімінің меңгерушісі Нұрғаным Үмбетқалиева да  – марапатқа лайық адам. Ал, «Сезімтал жүрек» медалімен дәрігер Дархан Шәбдіров марапатталса, «Медицинадағы ерен еңбегі үшін» орденін емхананың бас дәрігері Ғазиз Есқали өңіріне жарқырата тақты. Ұжымға алдағы уақытта да жемісті еңбек, шығармашылық шабыт тілейміз.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз