Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып Саламат Сабыр тағайындалды. Актив жиынында жаңа басшыны облыс әкімі Нұрлан Ноғаев таныстырды.

WhatsApp Image 2017-10-26 at 13.49.19 (4)

Саламат Сабыр 1996 жылы Қостанай мемлекеттік университетін, 2016 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және экономика-бизнес бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Қостанай мемлекеттік университетінде бастаған. Бұдан соң, Махамбет аудандық мектеп-гимназиясының мұғалімі, аталған аудан әкімі аппаратында мәдениет, туризм және спорт бөлімдерінің бас маманы қызметтерін атқарған. Облыстық телеарнаның аға редакторы, «Қазақстан» ұлттық арнасының меншікті тілшісі, «Астана» телеарнасының Атыраудағы өкілдігінің басшысы, «Қазақстан» Ұлттық арнасының тілшілер қосынының жетекшісі лауазымдарында еңбек еткен. 2013 жылдан бүгінге дейін Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы және бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

WhatsApp Image 2017-10-26 at 13.49.20 (1)

Басқарманың жаңа басшысының өмірбаянымен таныстырған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев: «Саламат Сағымпазұлының біліктілігі мен іс-тәжірибесі басқарманың алдында тұрған тапсырмаларды орындауға толық жеткілікті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында үлкен іс-шаралар жоспарланып отыр. Соларды бірлесіп атқаруымыз қажет»,-дей келе, жаңа басшының қызметіне табыс тіледі.

WhatsApp Image 2017-10-26 at 13.49.21

Гүлжан Әмірова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button