Баланы мектепке қабылдауда өзгерістер пайда болды

img 20200901 wa0087 Білім

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаты 1 сәуірден бастап қабылданатынын хабарлады. Ол 1 тамызға дейін жалғасады.

«Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.

Оқи отырыңыз: Вице-министр оқушыларды қандай жағдайда мектепке жібермеуге болатынын айтты 

Қажетті құжаттар тізімі:

  • ата-ананың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • «бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Айта кетейік, былтыр құжат тапсыру 1 маусымда басталған болатын. 2020-2021 оқу жылы Қазақстан мектептерінде онлайн форматта басталды.

«Спутник Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз