Жарнама
Жаңалықтар

NIS оқушылары жол сапасын тексеру жұмыстарымен танысты

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалында өткен Ашық есік күніне химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары келді.

Оларды филиал қызметімен таныстырған директор Дархан Сайлауов елімізде кәсіби жолшыларға сұраныс жоғары болғандықтан оқушылардың мамандық таңдауы кезінде бағыт-бағдар беріп, жолшы болуға шақыру жұмыстары күн тәртібінен түспейтіндігін айтты.

Жалпы,  республика деңгейінде  “2000 мектеп” акциясы биыл төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

Осы акция аясында филиал қызметкерлері мектептерде кездесулер өткізеді.  Әр тоқсан сайын филал зертханасында бірнеше  рет ашық есік күні ұйымдастырылады.

Ашық есік күніне келген  NIS-тің 10-сынып оқушыларына филиалдың материалдар бойынша инженері Сымбат Қанатова сынақ зертханасын, оның техникалық жарақтандырылуын және қандай сынақтар жүргізілетіндігін көрсетті.

Зертханада инертті материалдарды тексеруге, сондай-ақ, асфальтобетон және битумды тексеруге арналған екі кабинет бар. Оқушылар мұнда жол құрылысы кезінде пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарының  сапасы қалай тексерілетінін көзбен көрді.

Қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button