АТЫРАУДА АУДАРЫЛҒАН ЖҮК КӨЛІГІ ЗАҢСЫЗ ҚЫЗАНАҚ ТАСЫМАЛДАҒАН

c870f2fa 6135 43e9 b720 bce2f5eddf15 750x338 1 1 Жаңалықтар

Елімздегі орын алып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты ҚР ҰҚК ШҚ күшейтілген жұмысы барысына көшірілді.

Шекара заңнамаларын бұзған фактілерде орын алып жатыр. Солардың бірін бүгін ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты «Құрманғазы» (автокөліктік) бақылау бөлімінің қызметкерлері анықтады.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Орал, Армения бағытындағы «КАМАЗ» жүк көлігі тексерілді. Тексеру барасында Ресей елінің азаматы Қазақстаннан Армения еліне 60 тан астам жалпы соммасы 4 000 000 тг астам мүйізді ірі-қара өткізбекші болаған. Ауыл шаруашылық министірлігің 2022 жылдың 6 қаңтарында талаптарына сәйкес, 4 ай мерзімінде мүйізді ірі – қара шекарадан өткізілмейді.

Заң бұзған Ресей азаматымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Шекарадан өткізілмеді.

Осы оқиғамен қатарласа тағы бр заң бұзушылық анықталды. Бұл жолы шекарашылар Ресей елінен Қазақстанға бағыт алған «ВОЛЬВО» жүк көлігінің тексерді. Тексеру барысында Ресей елінің азаматы фитосанитариялық құжаты жоқ 2 тоннаға жуық жалпы соммасы 1 000 000 тг астам көкөністер және жемістер алып өтпекші болған. Анықталған Ресей азаматына ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы заңнамасында көрсетілген 400 бабқа сәйкес 20 айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Іс Құрманғазы ауданы бойынша құзырлы мекемеге тапсырылды.

Өмірбат АЙТӘЛІ,

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің ақпарат бөлімінің офицері, аға лейтенант

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз