img 8402

«Құмды өңірге су жеткізу – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ»

Жаңалықтар Халық үні Экономика

Биыл бірінші рет ұйымдастырылып отырған «Үздік ауыл әкімі» байқауы таяуда тәмамдалды. Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастамасымен  өткен республикалық сайыста әр  өңірден үздік деп танылған 14 ауыл әкімі бақ сынады. Қатысушылар туған  өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша арнайы дайындаған жобаларын қорғап, «Мен неге үздік ауыл әкімі атағына лайықпын?» тақырыбында эссе жазды.

Жоғары ұпай жинап, қарсыластарынан озық шыққан жүлдегерлер қатарында Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди ƒӨтеғалиев бар. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол әкім Нарын құмын жайлаған ауылдардағы су тапшылығы тақырыбын қозғап,  өз жобасы арқылы «Үздік іскер – шаруа әкім» аталымына лайық деп танылды. Мал баққан ауыл адамдары үшін маңызды проблеманы шешудің жолы қандай? Әкіммен әңгіме сол бағытта  өрбіді.

– Мәди аға, жеңісіңіз құтты болсын! Жалпы бұл байқау сізге не берді?

– Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі бекіткен конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар жоғары. Балдық жүйеде бағалау көрсеткішінің бірі – ауыл əкімінің жұмысын халықтың бағалауы. Осы мақсатта округ тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп, онлайн дауыс беру болды. Бұл сынақтан жақсы баға жинай отырып, ауыл адамдарының əкімнің жасап жатқан жұмыстарын көріп, біліп отырғанын байқадым. Ал, керісінше, əкімнің халықпен кері байланыс орнатуын бағалауда əкімнің жеке қабылдаулары, əлеуметтік желідегі белсенділігі, тұрғындармен кездесулері, бұқаралық ақпарат құралдарында көрінуі, азаматтардың қойған мəселелерін шешу көрсеткіштері есепке алынды. Конкурстың басқа да талаптарын орындау арқылы мен халыққа жақын ауыл əкімінің білікті, тəжірибелі, сөзімен де, ісімен де танымал болуы керек екеніне тағы бір көз жеткіздім. Мемлекеттік қызмет саласында 30 жыл қызмет атқарып, тəжірибелі болсам да, жергілікті жерде ауыл əкімінің халықпен бірге біте қайнасып, олардың ұсыныстілектерін орындаудың қиындығын жете сезіндім. Конкурсқа қатысу маған күшжігер берумен қатар жауапкершілік жүгін арттыра түсті. Жұмыста жоғары тəжірибелік нəтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл əкімдерін анықтау жəне көтермелеуді мақсат еткен республикалық конкурс осындай жақтарымен есте қалды. Ал, конкурстың міндеті мемлекеттік қызметтің жəне ауыл əкімдерінің беделін арттыру, жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару саласында озық жұмыс тəжірибесін кеңінен насихаттау еді. Қазір мемлекеттік қызмет саласында ж а с т а р к ө б е й д і . Ж а с ж а ғ ы н а н үлкендігіме қарамастан осы конкурсқа қатысып, өзімді сынап көруді ойладым. Сөйтіп облыстық өңірлік кезеңінен комиссия шешімімен үміткерлер арасында үздік атанып, республикалық кезеңге жолдама алдым.

– «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Тұщықұдық ауылдық округінде атқарылып жатқан істер туралы айта кетсеңіз?

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініш-тілектерін жедел, əрі тиімді қарастыруға бағытталуы қажеттігін атап көрсетті. Осы орайда ауыл əкімі жергілікті халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Əкім өзінің жанжақтылығы арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне деген көптің оң көзқарасын қалыптастырады. Ауыл болған соң оның əлеуетін көтеруде мəселелер туындап жатады. Əкімнің жыл сайын есеп беру кездесуінде, жеке қабылдауларда, əкімдіктің Телеграм чаттарында сұрақтар қойылып, əртүрлі мəселелер айтылады. Инвестициялық жобалардан бастап, көше жарығы, ауыз судың сапасы, ит ату мəселелеріне дейін қозғалады. Біз жұмыс барысында оларды жүзеге асырудың шараларын қабылдаймыз. Тұщықұдық ауылдық округіне əкім болған 3 жылда орталықтан 40 шақырым жердегі Қызыл үй елді мекеніне таза ауыз су жеткізіліп, 80 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысын салу үшін дайын орын болмағандықтан жер телімін беру тоқтатылып, тұрғындардың өтініштері кезекке қойылған еді. Осы мəселені шешу үшін бюджеттен қаражат бөлініп, ауылдың батыс бөлігіне табиғи газ, электр энергиясы, таза ауыз су желілері жеткізілді. Алға қарай осы учаскеде 150-ге тарта жаңа тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Ауылда балаларға арналған екі жаңа ойын алаңы, газондалған шағын футбол алаңы, көше спорттық тренажер алаңы берілді. Көшелердің 11 шақырымы асфальтталған. Биыл ауылішілік жолдарды реконструкциялау жобасымен 8,9 км жол, 6 км жаяу жүргінші жол төсеу жұмыстары басталып, мердігер «Атырау жолдары» ЖШС жолшылары құрылысын жүргізуде. Ауылдың шешімін күтіп отырған жобалары – жазғы су құбырын жүргізу, Қызыл үй елді мекеніне табиғи газ тарту, дене шынықтыру-спорт кешенін салу, орта мектеп ғимаратына 350 орындық жапсаржай салу бойынша жобалаусметалық құжаттамалары дайындалып, қаржыландыруды күтуде.

– Журналистикадан мемлекеттік қызметке тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қадам бастыңыз. Қазіргі мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар, міндеттер туралы ой-пікіріңізді бөліссеңіз…

– Ауыл əкіміне халыққа жақын боп, тиімді жұмыс істеу – қашан да маңызды талап. Жергілікті жерде мемлекеттік саясатты жүргізуші ретіндегі жауапкершілігіне қоса, əкім барлық саладан хабардар болуы керек, ол үшін ізденуіңе, оқуыңа тура келеді. Сонда қойған мəселеге нақты жауап беріп, оны шешу жолдарын табасың. Алға қарай ауыл əкімін халықтың өзі сайлайтыны жөнінде мəселе қозғалуда. Бұл жағдайда жауапкершілік екіжақты артады, əкім сенімді ақтауға күш салады, дауыс берген тұрғындар оны қолдауға ұмтылады деп есептеймін. Ауылдық округтер төртінші деңгейлі бюджетке көшіріліп, жұмыс істеуде. Осы жағдайда бюджетке жергілікті салық түсімдерінен жəне салықтық емес түсімдерден кірісті көбейтудің амалдарын тапсаң, ауылдың мəселелерін шешудің қосымша мүмкіндігі туады. Жергілікті өзінөзі басқару саласында жергілікті қоғамдастық жиыны мүшелерімен ауылды дамыту бағытында жоспарб а ғ д а р л а р ы м ы з д ы а қ ы л д а с ы п , келісімдерін алып отырамыз. 14 жыл аудандық газетте жауапты қызметтер істеп, 1991 жылы мемлекеттік қызметке ауыстым. Тəуелсіздік жылдарында еліміздің, өңіріміздің өсіп- өркендеуіне үлес қостым жəне қол жеткен жетістіктер мен қоғамдағы оң өзгерістер көз алдымда. Тəуелсіздік дəуірінде аудан көлеміндегі осындай жұмыстар «Ертеңге беттеген ел», «Өзгерген өңір», «Нұрлы жолмен» атты кітаптарыма арқау болды. Қазіргі мемлекеттік қызметші қандай болуы керек, оның міндеті қандай? Республикалық конкурсқа ұсынған эссе жұмысымда оны баяндағанмын. Əкімге қойылатын талаптар – іскерлік, біліктілік, əділдік, шешім қабылдау, жан-жақтылық сияқты қабілет-қасиеттер алдыңғы қатарда тұруы қажет. Міндетің – халық мүддесі үшін аянбай қызмет ету, елдің тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуға үлес қосу.

– Исатай ауданында бірнеше жыл қатарынан қызмет етіп келесіз,  өңір сізге етене таныс. Республикалық конкурста «Үздік іскер – шаруа әкім» атануыңызға «Құмды аймақтарда мал шаруашылығын дамытудағы су мәселесі» тақырыбындағы жобалық жұмысыңыздың себепші болғаны сөзсіз. Бұл қайдан туындаған бастама еді!?

– Мал шаруашылығы – қашан да ауылдың күнелтіс көзі, елдің ырысберекесі. Тұщықұдық ауылдық округі аумағында бір кезде болған Чапаев атындағы кеңшар 70-75 мың басқа дейін қой өсірген. Сол дəстүрді малшылардың ұрпақтары жалғастыруда. Кеңшарлар таратылып, жекешелендіру жағадан алған кезде біздің ауылда шаруа шашылмады. Малшылар отырған орындар сақталып, жеке шаруашылық ұйымдастыру қолға алынды. Қазір округте ресми тіркелген 10-нан аса шаруа қожалығы бар, оның 2-і асыл тұқымды шаруашылық мəртебесін иеленген. Шаруа қожалықтары мал тұқымын асылдандыру, селекциялық түрлендіру жұмыстарын жүргізуге бет бұрып, бұл бағытқа мемлекеттік қолдауларды, яғни, қайтарымсыз қаржы, жеңілдетілген несиені пайдалануда. Соңғы жылдары азайып кеткен қой малын көбейту қолға алынды. Шалғайдағы мал өсірушілердің тұрмыстық жағдайы қаладағыдай. Заманауи технологияларға негізделген электр энергиясын беретін қондырғылар, т о ң а з ы т қ ы ш т а р , « О т а у Т В » телебағдарламасын, интернет жүйесін пайдаланып отыр. Əр меншік иесінде екі-үштен түрлі маркалы автокөліктер бар. Осындай жағдайда құм өңірінде мал шаруашылығын дамытудың болашағы ойландырады. Олай дейтінім, табиғаты қатал, топырағы құнарсыз болғандықтан жайылым мен су тапшылығы қиындық келтіріп отыр. Қатқыл бойында жер тозып, жайылыс азайды. Мал шаруашылығын одан əрі дамыту ісін табысты жүргізуде бар үміт – тек Нарын құмы өңірінде. Құмда орналасқан Қызыл үй, Айбас учаскелерінде жер де, жайылым да жетеді. Проблема – су. Шаруа қожалықтары шағылды төбелерден 2-3 метр тереңдікте қолмен қазып, шегенделген құдықтарды пайдаланады. Бірақ, жылдан жылға құдық сулары тартылып, ашып барады. Оған қыс пен көктемде қар мен жаңбырдың аз түсуі де себепші болар. Сонымен қатар, қол күшімен тайыз құдықтардан су шығару өміршең іс емес, олар бүгін бар, ертең жоқ. Осындай жағдайда құм өңірінде мал шаруашылығын дамыту үшін су мəселесін шешу міндеті тұр. Жобалық жұмысым осы түйткілді жайға арналады. Ауылда шаруашылықтар құруға тілек білдірушілер саны көбейіп отыр. Округ бойынша конкурстық негізде шаруа қожалықтарын жүргізу үшін 2019 жылы 5 мың гектар, 2020 жылы 5,5 мың гектар жайылымдық жерлер беріліпті. Ақтау, Атырау қалаларынан, көршілес округтерден Тұщықұдық аумағынан мал өсіруге жер сұраған өтініштер түсуде. Демек, мал санын көбейту, азық-түлік молшылығын жасау үшін құм өңірінде малға су мəселесін шешу күн тəртібінде тұр.

– Енді жобаны жүзеге асыру жолдары қалай қарастырылмақ?

– Құм өңірінде мал шаруашылығын дамыту үшін су мəселесін шешудің басты жолы – жерасты су көздерін ғылыми тұрғыда зерттеуді қолға алу. Гидрогеологиялық карта арқылы су көздері бар жер қабаттарын, ондағы су қорларының мөлшерімен, орналасқан жерлерін анықтау қажет. Бұл бағытта көршілес Батыс Қ а з а қ с т а н о б л ы с ы н д а ж а қ с ы тəжірибелер бар. Атырау облысында «Атырау Гидрогеология» ЖШС құм өңірінде сынақ жобаларын жасап жүр. Енді осы іспен айналысатын мекемелер мен білікті мамандарды тартып, жанжақты ойластырылған іс-шаралар жоспарын немесе бағдарлама жасап, қаражат көздерін қарастырып, нақты жұмыстар жүргізу керек. Қазір неге мұқтаж болсаң, біреулердің содан бизнес жасайтын əдеті ғой. Кейбір сондай «пысықтардың» құмда жүре алатын автокөліктерге шағын бұрғылау қондырғысын орнатып алып, топырақ қазып, су шығарып, табыс тауып жүргенін де естіп жүрміз. Бұл да уақытша нəрселер, проблеманы шешпейді. Ғылыми зерттеу нəтижесімен алынатын шаралар ғана табысқа жеткізеді. Екіншіден, ұзындығы 23 шақырым болатын Қызыл үй каналының құм жиегін жайлаған малды сумен қамтамасыз етуде зор ролі бар. Бұл су көзінен бір округтің емес, ауданның бірнеше округінің малы су ішеді. Бірақ канал тозығы жеткендіктен оның бойындағы Жұмағазы, Дүтбай қазан шұңқырларына жиналған су тез таусылып, сапасыздыққа ұшырайды. «ҚазСуШар» РМК жылына 4-5 рет су айдағанмен, көңілден шықпай тұр. Сондықтан, аталған каналды реконструкциялау үшін жасақталған жобалау-сметалық құжат бойынша 150 млн.теңге қаражат бөлуді 2021 жылға қарастыру сұралады. О б л ы с ə к і м і М а х а м б е т Досмұхамбетов мені жеке қабылдау кезінде төрт түлік мал жайлаған Тайсойған, Азғыр, Нарын өңірінде су мəселесі көтеріліп отырғанын, алдағы уақытта жерасты су көздерін зерттеу бағытында да шаралар алынатынын айтты. Мүмкін жобалық жұмыс осылай қолдау табар деп ойлаймын. – †ңгімеңізге рахмет. Ісіңізге береке берсін!

Сұхбаттасқан: Гүлжан ƏМІРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған