Ниет тазалығы — ізгілік бастауы
«Таза ниет Астана» қоғамдық қорының директоры Б.Ысқақова мен эрготерапевт Б.Болатова Атырау облыстық ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйіне келіп, мамандарға дəріс оқып, шеберлік сыныбын көрсетті. «Эйр Астана» компаниясының демеушілігімен ұйымдастырылған шеберлік сыныбы «Медициналық əлеуметтік мекемелердің мамандары мен тəрбиеленушілерінің ата-аналарын қоғамдық қолдау» жобасы аясында жүзеге асырылды.
— Бұл өте маңызды, мағыналы шара болды. Мекеменің лекотека бөлмесінің қорына ата-аналарға арналған əдістемелік құралдар тапсырылды. Балаларды түзете-дамыта тəрбиелеудің жаңа əдіс-тəсілдерін үйренген мекеме мамандары күнделікті жұмыстарында осы мағлұматтарды пайдаланатын болады. Алдағы уақытта осы қордың мамандарынан кеңес алып, тығыз байланыста жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік туып отыр. Жоба жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз, — дейді интернаттың лекотека маманы Әйгерім Каликова.
Өз тілшіміз.