Мүмкіндігі шектеулі атыраулықтарға оңалту құралдары берілді

1449819270120084312 Қоғам

Мүмкіндігі шектеулі 8300-ден астам атыраулық техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді.

Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл 1 тамызға дейін мүмкіндігі шектеулі 13729 адам техникалық оңалту құралдарын алу үшін өтініш берген. Оның 8349-і әлеуметтік қызметтер порталы арқылы құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді. Оларға міндетті гигиеналық, протез-ортопедиялық құралдар, сондай-ақ тифлотехникалық, сурдотехникалық құралдар берілді.

Қазір облыста мүмкіндігі шектеулі 24003 адам тұрады. Оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер саны – 2054, екінші топтағы мүгедектер – 9472, үшінші топтағы мүгедектер – 8446. Сонымен қатар 4031 ерекше бала бар.

-Бүгінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы және үш арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде барлығы 1075 адам қызмет алады, деді А.Мәмбетов.

Айта кетейік, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде биыл облыс бойынша 259 нысанға бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз