Зейнетақы қорынан кім және қандай жағдайда қаражат ала алады?

0 7 Жаңалықтар

atr.kz/9 қыркүйек, 2020 жыл. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге арналған басты басымдықтардың қатарында баспана мәселесі басты назарда тұр.

Азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету олардың əлеуметтік мəртебелеріне қарай жүзеге асады. Елбасымыз өткен жылғы Жолдауында жұмыс істеп жүрген азаматтардың зейнетке шыққанға дейін өз зейнетақы қорындағы ақшаларының бір бөлігін пайдалану мəселесін пысықтауды Үкіметке тапсырған болатын.

Бұл жоба іске асқан жағдайда жинақтың белгілі бір мөлшерін арнайы бір мақсатқа, яғни баспана сатып алу, білім алу немесе денсаулығына орай да пайдалану мүмкіншіліктері бар. Арада бір жыл өтті.

Қоғамда бұл мəселеге байланысты сарапшылар зейнетақы жинағының белгілі бір бөлігін пайдалануға көптеген салымшының қолы жетпейтінін, ал , жинағы қордаланып қалған азаматтардың тұрғын үйге мұқтаж емесін алға тартты.

Бұл мəселеде мемлекеттік орталық орындар мен қоғамдық сарапшылар ортақ тоқтамға келген болуы керек. Биылғы Жолдауда «Менің тапсырмам бойынша ел тұрғындарының зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мəселесі пысықталды. Бұл, əсіресе қазір ерекше маңызды.

 2021 жылдың өзінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компаниялардың иелігіне береді» деген Президент Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдап, дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, реформа еңбек қатынастарын ашық əрі заңды жүргізуге, зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыратын пəрменді құралға айналады. Шындығында, көптеген кəсіпорындар қызметкерлерінің айлықтарын төмендетіп көрсетіп, түрлі төлемдерден жалтарады. Бұл жерде жапа шегетін жұмыскерлер ғана. Жинақтаушы зейнетақы қорынан маңызды қадамдарға ақша берілген жағдайда ел азаматтарының да ынтасы артары анық. Қаражат қандай мақсатқа беріледі?

 Еңбек  жəне  халықты əлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың  айтуынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігіне байланысты, мемлекет басшысы тарапынан тұжырымдамалық шешім қабылданды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі жағдайларда пайдалану мүмкіндігі беріледі, яғни тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жəне қаржы компанияларына басқаруға аудару үшін.

– Біріншіден, жұмыс істеген əрі жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни Бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтардың жиналған сомасы «жеткіліктілік шегінен» асып жатса, ол ақшаны азаматтар өз еркімен жоғарыдағы мақсаттарға пайдалана алады. Мұндай азаматтардың саны 530 мың адамға жетіп отыр. Екіншісі – зейнет жасына жеткен кісілер.

Егер жинақтаушы қорында қаражаттары бар болса, олар сол қаражаттың 50 пайызына дейін алады. Мұндай адамдардың саны 178 мыңнан асады. Үшіншіден, зейнетақы аннуитетін ресімдеген жəне əлі де жинақтары бар азаматтар. Мұндай елімізде 13,3 мың адам бар. Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады, – деді министр.  

Ал, «Жеткіліктілік шегі» деген не? Министрдің мəлімдеуінше, «Жеткіліктілік шегі» белгілі бір жастағы салымшыға зейнетақы жинақтарының ең аз қажетті сомасы. Оның есебі əр адамның өз жасына сай белгіленеді. Сол қаражат зейнетақы қорында болса, одан артқанын азамат ала алады.

Бұл жолы əйелдер мен ерлер үшін бірдей көрсеткіш белгіленген. Бірақ, жыл сайын «жеткіліктілік шегінің» мөлшері жинақтаушы  қорындағы кірістілікке, инфляцияға қарай жəне ең төменгі төлем мөлшерінің өзгеруіне қарай есептеліп, яғни өзгеріп отырады. Сонымен қатар, «жеткіліктілік шегінің» мөлшері əр жасқа бөлек белгіленеді. Мысалы, алдын-ала есептеу бойынша, 30 жастағы азамат үшін «жеткіліктілік шегі» – 2 млн. 518 мың теңге.

Яғни, ол осы сомадан асқан ақшасын, өз еркі бойынша жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жұмсай алады.

35 жас үшін – 2 млн. 961 мың теңге;

40 жас үшін – 3 млн. 437 мың теңге;

45 жас үшін – 3 млн. 947 мың теңге;

50 жас үшін – 4 млн. 495 мың теңге;

55 жас үшін – 5 млн. 084 мың теңге;

59 жəне одан үлкен жас үшін 5 млн. 586 мың теңге жинақ болуы қажет.

Сондай-ақ, қордағы ақшаны бір немесе бірнеше мақсатқа пайдалану өз еркіңізде. Мəселен, сізде «жеткіліктілік шегінен» артылған 2 миллион теңге болса, оның 1 миллионын білім алуға, 1 миллионын үй жөндеуіңізге пайдалана аласыз.

Баспана мен денсаулық басты назарда. Енді осы критерийлерге сай келетін азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баспана жағдайын жақсарту, атап айтқанда тұрғын үй (бастапқы жəне қайталама нарықта) немесе жер телімін сатып алу, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейдегі банкте, кез келген бағдарлама бойынша), өз тұрғын үйін салу немесе жөндеу мүмкіндігіне ие бола алады.

Тек ескере кететін жайт, зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып сатып алынған тұрғын үй 5 жыл өткеннен кейін ғана сатылуы мүмкін. Жалпы, тұрғын үй жағдайларын жақсарту тəртібін Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітіп, əрі қарай бұл мəселемен «Отбасы банкі» («Тұрғын үй жинақтаушы банкі» АҚ) шұғылданады.

Сондай-ақ, жинақ ие сі қорындағы қаржысын зайыбының немесе жақын туыстары (атаəжесі, ата-анасы, аға-іні, баланемерелері) үшін емделудің ақысын төлеуге мүмкіндігі бар. Ол үшін салымшы денсаулық сақтау басқармалары (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар) жанынан арнайы құрылған комиссияларға жүгінеді.

Медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, емделуден өту үшін клиниканы таңдап, арнайы өтінішпен уəкілетті операторға жүгінеді. Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу қағидаларын Денсаулық сақтау министрлігі айқындайды.

                P.S: Осылайша, бір жыл бойына Үкіметтің қазанында қайнаған жаңа жоба алдағы жаңа жылда жүзеге аспақшы. Бір ұтымды тұсы – отбасы мүшелерінің қаржыларын біріктіріп, бір мақсатта пайдалануына жол ашылады. Жылдар бойы тірнектеп жинаған қаржысы з пайдасына асып жатса, кім қуанбайды? Елбасы Жолдауының негізгі зегі де осы.

Салтанат АҚТƏЖИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз