Бүгін Атырауда ауа сапасы төмендейді

экология e1518584887710 Медицина

25 ақпанға арналған метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 12 ірі қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Мәліметке сәйкес, бүгін Атырау қаласында да ауа сапасы төмен болады.

-экология-e1518584887710

Ақтау, Атырау, Қостанай, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы метеожағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Ал Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Талдықорған сияқты қалалардағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына негіз болады.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап, Қазгидромет сайтында жақын күндерге арналған жайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы мәліметтер таралуда.

Жайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфераның жер бетіндегі қыртысында лас заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Жайсыз метеорологиялық жағдайларболған жағдайларда елді мекендердегі ауа сапасы төмендеуі ықтимал.

Ауаның ластану деңгейін анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайға жасалатын болжам (жел, жауын-шашын, қар, ылғалдылық, ауа температурасы) болып табылады.

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз