Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Науқастар саны 1024: Атырауда инфекцияның 44 дерегі Құлсары, Мақат, Теңізден тіркелді

Аtr.kz/30 мамыр, 2020 жыл. Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 44 жағдай тіркелді.

(29.05.2020 жылғы мәлімет бойынша)

COVID-19 жұқтырған 30 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері.
Олар Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен еді. Бұған дейін олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандар.

Ал, тағы 13 жағдай Құлсары қаласынан тіркелді. Олар да бұған дейін инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандар.
Сондай-ақ  1 адам 1977 жылы туған әйел адам, ол Мақат ауданының тұрғыны.
                                                                                                                                                                                                 
Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

29.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған
1024 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны — 294 .

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button