COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
НАТО ғалымдары коронавирусты зерттеуге жұмылдырылды
Аtr.kz/23 сәуір, 2020 жыл. НАТО-ның бас ғылыми кеңесшісі Брайан Уэллс коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі бағдарламаның іске қосылғанын жариялады.
Осылайша ол НАТО-мен жұмыс істейтін ғалымдарды альянсқа вирусты анықтау, ақпарат жинауды жақсарту, аумақтар мен ғимараттарды зарарсыздандыру шаралары, қоғамның вирусқа төзімділігін арттыру және пандемиядан кейін қалыпқа келуге жәрдемдесу мүмкіндіктері туралы өз ұсыныстарын жіберуге шақырды.
Бұдан өзге, альянс Франция мен Италиядағы өзінің ғылыми орталықтары арқылы коронавирусқа қарсы күресте пайдасын тигізе алатын жаңа жабдықтар мен әдістемелерді жасау бойынша түрлі ғылыми бағдарламаларды жүргізе бастады.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы