Атырау-Орал тас жолында екі адам қаза тапты

dtp Жаңалықтар

Атырау-Орал тас жолында жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты, тағы төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат оныншы тамызда сағат 20:30 шамасында болған. Көліктер Орал — Атырау тас жолында, Үлкен Шаған кентіне бұрылысқа қарама-қарсы соқтығысқан.

— 67 жастағы ВАЗ көлігінің жүргізушісі үлкен жолға шыққан кезде жол бермей, 25 жастағы ер адамның басқаруындағы Nissan X-Trail-ге соқтығысқан. ВАЗ жүргізуші мен жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. ВАЗ авто көлігінің тағы төрт жолаушысы мен Nissan X-Trail жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, – деп түсіндірді ведомстводан.

ҚР ҚК-нің 345-бабы «ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. БҚО денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы кейінірек хабарлауға уәде берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз